ВINOM: Оқушылар әлемдік және отандық үздік мюзиклдерді сахналады

Өткен аптаның соңында биномдықтардың асыға күткен B-FEST таланттар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына білімнің жарқын болашағына, еңбектің абыройлы бағасына, Абай арманына және ел болашағы — жастарға бас ию үшін еліміздің әр аймағынан республикалық деңгейдегі мерейлі мерекесіне жиналғандар көп болды.

2025 жыл — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған. Бұл — еңбек адамын ұлықтайтын, нағыз табанды мамандарды дәріптейтін ерекше жыл! Сондай-ақ, ұлы Абайдың 180 жылдығы, BI Group компаниясының 30 жылдық мерейтойы және еліміздегі білімнің жаңа белесін бағындырған BINOM мектептерінің жетістіктері — осы бірегей басқосудың ең басты арқауына айналып, жиналған жұртшылыққа тәуелсіз мемлекетіміздегі инновациялық білім беру үлгісінің көшбасшысы — BINOM мектептері туралы бейнежазба жинағы көрсетілді.

«Ұстаз — ұлы есім» демекші, Абайдың асыл арманы – кемел ел мен білімді ұрпақ. Сол арманды бүгінгі ұстаздар қауымы жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда жаңашыл білім ордасына айналған заманауи BINOM мектептері – BI Group компаниясының қолдауымен бой көтергені баршаға белгілі. Отыз жылдық тарихы бар BI Group – бұл тек құрылыс компаниясы емес. Бұл – қоғам игілігі үшін білімге инвестиция құйған жауапты бизнес. Әрбір BINOM мектебі – бұл болашаққа салынған инвестиция. Жаңа мектептер, жаңа мүмкіндіктер, жаңа ұрпақ.

BI Group – осындай игі бастамаларымен дара. BI Group компаниясының негізін қалаушы, еліміздің ірі құрылыс холдингінің жетекшісі, қоғам белсендісі Айдын Жұмаділұлы РАХЫМБАЕВ педагогтер мен оқушыларға ізгі лебізін білдіріп, бағалы бастамаларына сәттілік тіледі. «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Қуанышұлы Тұрсынов, BINOM SCHOOL мектептер желісінің Басқарушы компаниясының атқарушы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директоры Арман Бақытжанұлы Ташметов, Алматы кітап баспасының президенті Гаухар Айтжанқызы Саймасаева, ҚР театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану философиясының докторы, профессор Маемиров Асхат Максимович құттықтау сөз сөйлеп, әр саладағы жоба бойынша жеңімпаз атанған үздіктерді арнайы Дипломдармен марапаттап, бағалы естелік сыйлықтарды табыстады.

Көрермендер іс-шара аясында BINOM оқушыларының орындауындағы әлемге әйгілі мюзиклдерді тамашалай алды. Басты талап – барлық мюзиклдер мемлекеттік тілде орындалды. BINOM таланттары аталмыш фестивальде B-Dream project, B-Art, B-Sport, B-Social, B-Bookman секілді  бес бағыт бойынша тартысқа түсіп, әділ қазылар алқасы мен қалың көрерменді ерекше өнерімен таңғалдырды. Фестивальге Астана және Атырау қалаларындағы BINOM SCHOOL желісінің барлық мектебі қатысты.                            

B-FEST таланттар фестивалі жай байқау ғана емес, ол – дарын иелерінің мықты жақтарын айқындауға, қабілеттерін дамытуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға таптырмас мүмкіндік. B-DREAM PROJECT бағыты бойынша болашақ ғалымдар, инженерлер мен дизайнерлер, кәсіпкерлер мен инновациялық технологияларға қызығушылығы бар ізденімпаздар бас қосып, робототехника саласының ең үздік ғылыми жобалары анықталды.

B-ART бағыты аясында визуалды өнер саласының ең мықтылары айқындалды. Бұл байқау өнер саласындағы дарынды балаларды анықтауға және олардың шығармашылық белсенділігін қолдауға бағытталған. Оқушылар байқау барысында «Холодное сердце», «Үздік шоумен», «Chicago», «Moana», «Cats», «West Side Story», «Rent (Богема)» и «Romeo and Juliet» секілді көпшілікке белгілі мюзикл туындыларын сахналады. B-SPORT бағыты спорттың тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, қазақша күрес түрлері бойынша ең мықтыларды анықтап берді. Фестивальдің бұл бағыты жеті мың оқушыны қамтыды.

B-Social бағыты бойынша оқушылар бейнероликтер арқылы әлеуметтік жобаларды және өз мектебінің еріктілер қозғалысын таныстырды. Биыл бұл бағыттың Бас жүлдесін А.Байтұрсынов атындағы BINOM мектебінің оқушылары жеңді. Жылдам оқу, функционалды оқу, шешендік өнер және актерлік шеберлік бойынша жеңімпаздар B-BOOKMAN бағыты бойынша өткізілген сайыстарда белгілі болды. Фестивальдің бұл бағыты бойынша он мыңнан аса үміткер бақ сынады.

Фестиваль жеңімпаздарын марапаттауға белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, бизнес қауымдастық өкілдері, инноваторлар қатысты. B-FEST таланттар фестиваліне ұйымдастыруылардың мәліметіне сүйенсек BINOM мектептерінен барлығы жиырма үш мыңнан астам шәкірт қатысқан көрінеді. Жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатын өнер мен спортты, шығармашылық пен қоғамдық қызметті бір арнаға тоғыстырған бұл B-FEST фестивалінің биылғы Бас кубогін Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі жеңіп алып, жобаға жан-жақты дайындық жасап, жаңаша ізденіс әкелген ұйымшыл ұжымның бірлік пен еңбекқорлыққа қоса биік рухтағы үздік үлгісін көрсетті.

Бұл жеңісті – әрбір ұстаздың жанқиярлық еңбегі мен оқушылардың талпынысы және ата-аналардың сенімімен бірге жан-жақты қолдауының жемісі ретінде бағалауға болады. – Биылғы жетістіктің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сенеміз! BINOM мектептерінің арасындағы бұл дүбірлі дода ең ауқымды, ең әсерлі шаралардың бірі ретінде талғампаз көрерменнің көңілінен шыққан даусыз. Барлық биномдықтардың асыға күткен B-FEST фестивалінің гала-концерті де жоғары деңгейде ұтымды ұйымдастырылған. Ерекше көңіл күй мен шабытты өнер және шынайы достық пейіл баршаның есінде қалғаны анық. B-FEST – бұл тек фестиваль емес, бұл — талантымен танылған жастардың алаңы., – дейді бас кубоктың биылғы иегерлері.

– Осындай маңызды зор жаңа жобаның авторы – BINOM SCHOOL мектептер желісінің Басқарушы компаниясының атқарушы директоры Шолпан Қадыроваға ерекше ризашылықпен алғыс айтамыз. Ұйымшыл ұжымның тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденістердің нәтижесіне биік белестерді бағындыра беретіндігіне сенім мол. Бұл жәй ғана кезекті іс-шара емес, бұл – жастардың дарынына, арманына, болашағына ашылған сахна! Кішкентай болса да жүрегі үлкен оқушылардың сахнада өнер көрсеткен сәттері өте әсерлі болды. Олардың мюзиклдер арқылы жеткізген сезімі, биі мен үні жанкүйрлерді таң қалдырғаны хақ.

Ләззат ТҮРКІСТАНОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий