Жеңіске – 80: Республика бойынша үздік жас сарбаз елордасындағы парадқа қатысты

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордада әскери-патриоттық салтанатты парад өтті. Ерекше құрметке ие болған қатысушылар қатарында Абай облысының түлегі, 2024 жылғы Қазақстан бойынша үздік «Жас сарбаз» атанған Самархан Олжас Айдосұлы болды.
Бұл парадқа еліміз бойынша тек екі жас сарбаз шақырылса, соның бірі – Абай облысынан. Олжас орталық трибунада ел Туын құрметпен қарсы алып, жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен рухын таныта білді.
– Мектеп кезінде мені әскери-патриоттық жолға бағыттап, қолдау көрсеткен «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Серік Түсіповке және Абай облыстық Қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары Қанат Шәріпхановқа алғысым шексіз. «Жас сарбаз» — жай ғана қозғалыс емес, бұл – елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеудің жолы, – дейді Олжас.
Олжас Самархан 2024 жылы «Айбын» республикалық жиынына қатысқан 750 үміткердің арасынан үздік атанды. Қазір ол Астанадағы Ұлттық мұражай жанындағы патриоттық орталықта қызмет етіп, «Жас сарбаз» республикалық жиыны аясындағы жұмыстарын жалғастырып келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий