Грекияда өткен халықаралық STEM байқауында ауыл оқушылары жүлдегер болды

Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды.
STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан. Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.
Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек. Қазығұрт командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий