Ақмола облысы: Жергілікті колледждер арасындағы саппен жүру және ән айту байқауы

​Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж аумағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық саппен жүру және ән айту байқауы жоғары деңгейде өтті. ​Іс-шараға облысымыздың әр түкпірінен келген колледж студенттері қатысты.
Ер жігіттермен қатар бойжеткендер де өздерінің саптық дайындығы мен патриоттық рухын паш етіп, нағыз ұйымшылдық пен тәртіптің үлгісін көрсетті. ​Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру, әскери тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ: Ұлдар арасындағы 1-орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі; 2-орын – Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі; 3-орын – Ш.Уәлиханов Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі; “Жеңіске деген жігері үшін” – Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі.
Қыздар арасындағы 1-орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі; 2-орын – Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі; 3-орын – “Арна” Көкшетау жоғары колледжі; “Жеңіске деген жігері үшін” – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий