Қызылорда облысы: Балалар мен жасөспірімдер академиясы
Қызылорда қаласында «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясының ашылуына арналған салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл өңірде соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 304 миллиар 600 миллион теңге болып, 32 пайызға артты. Бұл – жалпы облыс бюджетінің қырық үш пайызы. Біздің ең бірінші міндетіміз – балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру. Қызылорда қаласындағы төрт мектепке екі жыл бұрын 1 850 орындық қосымша құрылыс салу есебінен үш ауысымдық оқу мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Рәсімде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі. Ғимаратты салған «BI Global» ЖШС құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне үш мың балаға дейін қабылдайды. Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар.
Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.
Загрузка...