Kids and innovation: идея. даму. креатив

Астана қаласындағы Оқушылар сарайында мамыр айының 15-і күні сағат 10.00-де еліміздің барлық аймағындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған республикалық іс-шара өтеді. «Kids and innovation: идея. даму. креатив» тақырыбындағы республикалық форумы заманауи инновациялық шешімдер мен әдістерді таныстырып, балабақшада балалардың білім алу сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен ресурстарды ұсынады.

Форумға қатысушылар ең үздік білім беру тәжірибелерімен танысып, балабақшаларда педагогикалық әдістемелер мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылайды. Қатысушыларға балабақшадағы инновациялық әдістер, «Цифрлық әлемдегі балалық шақ» көрмесі, жаңалықтар мен тың идеялар ұсынылады.

Форумның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық тәсілдер арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сай жаңа идеялар мен тәжірибелермен алмасу алаңын қалыптастыру.

Форумның барысында үш негізгі секциялық отырыс қарастырылады: икемді және бейімделген оқыту әдістемелері: әр баланың қажеттіліктеріне сәйкес тәрбие мен білім беру процесін бейімдеу; эксперименттік алаңдардың маңызы: балабақшада инновациялық тәжірибелерді енгізу және жасанды интеллект негізіндегі интерактивті білім беру.

Форум аясында сарапшылар мен практик мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы соңғы тенденциялар мен өзгерістер туралы құнды ақпарат ұсынады.

«Kids and innovation: идея. даму. креатив» республикалық форумы мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа идеялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытатын меңгерушілер үшін тамаша мүмкіндік.  

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының Әдістемелік орталығы. Қатысушылар: 400 адам (Оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармаларының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері). Форматы: Офлайн / Facebook, YouTube арналарында тікелей эфир.

Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий