Батыс Қазақстан облысы: Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

Білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Бөкейордасы ауданының білім саласының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрайымы Найлягүл Камалқызымен кездесті. Найлягүл Камалқызы – тәжірибесі мол, жас ұрпаққа үлгі боларлық тұлға, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ол «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» энциклопедиясына енген, білім саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізген ардагер ұстаз. Кездесу барысында ардагерлердің мектептермен байланысын нығайту, әлеуметтік серіктестік орнату және Бөкейордасы ауданында білім саласы ардагерлерінің облыстық семинарын өткізу мәселелері талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий