Павлодар облысы: Пән мұғалімдеріне марапат табысталды
Аймақтың бас ұстазы Самал Айтқазина 7 мамыр-Отан қорғаушылар және 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күндеріне орай білім беру саласындағы әскери-патриоттық тәрбиеге елеулі үлес қосып жүрген Ертіс ауданы, № 3 Ертіс ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Досановқа Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстап, Тереңкөл ауданы, Байқоныс ЖОББМ АӘД пәнінің мұғалімі А.Рамазанов Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Білім беру басқармасы мен “Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы” КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес мамыр айында өтетін іс-шаралар барысында жас ұрпақты Отансүйгіштікке баулуды, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, оқушылардың әскери тәртіпке бейімделуіне, жауапкершілік пен ұйымшылдық дағдыларын дамытуға және педагогтер өз үлгісімен жас ұрпаққа өнеге көрсете білуі туралы сөз қозғалды.
Загрузка...Бұл шараға білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты. – Бүгінгі жастардың бойына елін, жерін сүю қасиетін сіңіруде алғашқы әскери дайындық мұғалімдерінің еңбегі ерекше. Сіздердің жұмыстарыңыз – ертеңгі еліміздің қауіпсіздігіне бағытталған маңызды миссия, – деді Самал Оспанқызы.