Алматы қаласы: Ауқымды әлеуметтік жобаның финалы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Батырлар сөйлейді…» атты жергілікті білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған ауқымды әлеуметтік жобаның финалына қала мектептерінің тоғыз мыңға жуық оқушысы, педагогтері мен ата-аналар қауымдастығы қатысты, – деп хабарлайды Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұрған «Батырлар сөйлейді…» жобасының қорытынды кезеңіне мегаполистегі 216 мектептен іріктеліп шыққан үздік командалар қатысты. Финалда оқушылар соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қаһармандар – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов және басқа да батырлардың бейнесін сахнада көркем түрде сомдады. Театрландырылған қойылымдар, әдеби-музыкалық композициялар мен майдан әндері арқылы олар батырлардың рухын тірілткендей әсер қалдырды.

Заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен батырлардың дауысы мен бейнесі қайта жаңғырып, жас ұрпаққа үн қатты. Бұл жоба – қалалық білім жүйесіндегі ең ауқымды әрі мазмұны терең шаралардың бірі. Ұлы Жеңістің қаһармандары — өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да рухани темірқазығы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – тарихымыздағы ерлік пен елдік үлгілерін бүгінгі жас буынның санасына сіңіру, – деді әдістемелік орталықтың  директоры Даурен Сағынғалиев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий