Маңғыстау облысы: Тоғыз мектеп пайдалануға беріледі

Өңірде алдағы жаңа оқу жылында 8100 орындық тоғыз мектеп ашылады. Оның үшеуі Ақтау қаласында және біреуі – Жаңаөзен қаласында, 2-еуі – Бейнеу ауданында, екеуі Мұнайлы ауданында, 1-еуі Маңғыстау ауданында салынып жатыр. Былтырғы желтоқсан айында 4500 орындық төрт білім ордасы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Мемлекет басшысының 1300 мектепті жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс бойынша жиырма бір мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды 2025–2027 жылдар аралығында толық аяқтау көзделіп отыр. Облыс аумағында жыл басынан бері үш балабақша пайдалануға берілді, – деді Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Қызылғұлова.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тарауында биыл он жеті жаңадан балабақша ашылып, 4410 орынға дейін қамту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Ақтау қаласындағы 18 және 34-шағын аудандары мен Мұнайлы ауданында үш мектепке дейінгі ұйым құрылысын жүргізу жөнінде жеке инвесторлардан ұсыныс түсті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий