Абай облысы: Республикалық байқаудың бірінші орыны
Астана қаласында өткен «Star Light» республикалық шығармашылық байқауында «Zhuldyz-Ardak» бөбекжай-бақшасынан қатысқан тәрбие тобы жүлделі бірінші орынды иеленді. Бүлдіршіндер аспаптық орындау номинациясы бойынша өнер көрсетті. Олар жетекшісі Ксения Кергефердің жетекшілігімен жетігенде ойнап, ұлттық нақыштағы туындыны шебер орындады, – деп хабарлайды Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Байқауға еліміздің түрлі өңірінен шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысып, өнерлерін вокал, хореография, инструментал, көркемсөз бағыттарында ұсынды. Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, ұлттық өнерді дәріптеу және эстетикалық тәрбиені нығайту. Музыка жетекшісі Ксения Кергефер қазақ тілінде білім алатын топтарда төрт жылдан бері ұлттық музыка бағытында жұмыс істеп келеді.
Загрузка...