KIDS AND INNOVATION: ИДЕЯ. ДАМУ. КРЕАТИВ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ
Астана қаласындамектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған республикалық іс-шара өтеді.«Kids and innovation:идея. даму. креатив»форумы заманауи инновациялық шешімдер мен әдістерді таныстырып, балабақшада балалардың білім алу сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен ресурстарды ұсынады.
Форумға қатысушылар ең үздік білім беру тәжірибелерімен танысып, балабақшаларда педагогикалық әдістемелер мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылайды. Қатысушыларға балабақшадағы инновациялық әдістер, «Цифрлық әлемдегі балалық шақ» көрмесі,жаңалықтар мен тың идеялар ұсынылады.
Форумның мақсаты – Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық тәсілдер арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, заманауи білім беру жүйесінің талаптарына сай жаңа идеялар мен тәжірибелермен алмасу алаңын қалыптастыру.
Форумның барысында үш негізгі секциялық отырыс қарастырылады:
1. Икемді және бейімделген оқыту әдістемелері: әр баланың қажеттіліктеріне сәйкес тәрбие мен білім беру процесін бейімдеу.
2. Эксперименттік алаңдардың маңызы: балабақшада инновациялық тәжірибелерді енгізу.
3. Жасанды интеллект негізіндегіинтерактивтібілім беру.
Форум аясында сарапшылар мен практик мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы соңғы тенденциялар мен өзгерістер туралы құнды ақпарат ұсынады.
Форумның өтетін күні, уақыты: 15 мамыр 2025 жыл / сағ.10.00-де
Форумның өтетін орны: Астана қ.,Бауыржан Момышұлы 5, Оқушыларсарайы
«Kidsandinnovation: идея. даму. креатив» форумы мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа идеялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытатын меңгерушілер үшін тамаша мүмкіндік.
Загрузка...