Шымкент қаласы: Мұхтарбай Өтелбаев атындағы республикалық олимпиаданың үздіктері

Тараз қаласында алғаш рет Мұхтарбай Өтелбаев атындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған математикадан республикалық «Ойлан, тап!» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикалық дағдыларын тереңдету.
Бұл олимпиада – физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаевтың есімін иеленіп, әлемдік математика ғылымына жаңалық әкелген, қазақ баласының ой-өрісін биікке көтерген ұлы ғалымның ғылыми ізденістері мен еңбектерін насихаттаудағы игі істердің бірі болмақ.
Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан (7-сыныптан 3 оқушы, 8-сыныптан 3 оқушы) жалпы 150 жас математик қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар: ІІ орын – Омархан Маулет (Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, 7-сынып).
Үшінші орын – Ермахан Данияр (Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, 7-сынып), Грамота – Есіркеп Айтолқын (№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты, 7-сынып). Қатысушыларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий