Ұлытау облысы: “Дара сынып” жобасының негізіндегі семинар
Ұлытау облысы әдістемелік орталығы, Ұлытау ауданы, №17 жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының құндылықтары негізінде «Дара сынып» жобасы: Білімді ұрпақ. Құзыретті маман. Сапалы адам» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар қонақтарды мектеп тынысымен таныстыру шарасымен басталып, «Дара туған даналар», «Алаш зиялыларының ғылыми-әдістемелік мұралары» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақтар, сынып сағаттар және қойылыммен жалғасты. Ұйымдастырылған іс-шаралардан мектеп ұжымының оқыту үдерісінде білім алушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеуге баса назар аударатындығы айқын көрініп отырды.
Загрузка...Ұлт тұлғаларына деген құрмет, ұлттық әдебиетке сүйіспеншілік және мәдениетке құштарлық – болашақ ұрпақтың бойында қалыптасуға тиіс қасиеттер. Бұл – білімді ұрпақ, құзыретті маман және сапалы адам тәрбиелеудің басты жолы. Семинарға Ұлытау облысының әдістемелік орталығының мамандары, білім беру ұйымдарының директорлары және директорлардың орынбасарлары, педагогтер қатысты.