Халықтар достығы университеті бірінші орында

Түркістан қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен XIII жазғы Универсиада ойындарында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – студент жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, спорттық шеберлікті арттыру және еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Достық үстел теннисі құрамасы бұл бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жарысқа еліміздің жиырма төрт жоғары оқу орнынан мықты спортшылар қатысқан болатын. Университеттің Достық құрамасы: Достық – Спорт және туризм академиясы (Астана): 3-0; Достық – ОАИУ: 3-0; Достық – Атырау университеті: 3-1; Достық – Жәңгір хан университеті: 3-1; Достық – Спорт және туризм академиясы (Алматы): 3-1.

Ал финалдық ойында: Достық – Спорт және туризм академиясы (Астана): 3-0 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жеңіс – университеттің спорттық ынта-жігері мен жүйелі дайындық жұмыстарының, сондай-ақ студенттердің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің нақты көрінісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий