Маңғыстау облысы: Жоғары жетістіктер биіктерге бастайды

Облыс бойынша 655 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде 417 балабақша, екі жүз жеті мектеп, 5 арнайы мектеп, жиырма алты колледж. Онда барлығы 260 мыңға жуық білім алушы оқиды (47248 тәрбиеленуші,  190 218 оқушы, 22 012 студент). Осы оқу жылы 15 800 ден астам бала тоғызыншы сыныпты (2023-2024 о.ж. -14796), 9 750 оқушы он бірінші сыныпты аяқтауда (2023-2024 о.ж. – 8086) (күндізгі мектептерде – 8098, кешкі мектептерде – 228, жекеменшік мектептерде – 1424).

Биыл екі жүз елу түлек «Алтын белгі», 562 -і «Үздік аттестатқа» үміткер (2023-2024 о.ж. –  150 АБ, 531  ҮА). Жергілікті колледжді 5 326 студент бітіреді.  Облыста үш аймақтық тестілеу орталықтары бар (Ақтау қаласы – бір жүз елу орындық, 1в ш/а 12 ғимарат, Жаңаөзен қаласы – 100 орындық, № 24 мектеп-лицейі ғимаратында, Бейнеу ауданы – алпыс орындық, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте). ҰБТ тапсыру бойынша осы орталықтарға барлығы 19 066 өтініш түсті. Биылғы оқу жылы облыстық білім саласы үшін табысты болды.

Маңғыстаулық бес мектеп – елдегі үздік 100 мектеп қатарында. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстандағы үздік 100 мектептің тізімі жарияланды. Оқу-ағарту министрлігі жүргізген кешенді талдау нәтижесінде Маңғыстау облысынан бес мектеп үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 лицей, IT лицей, Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназия, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейі мен Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе лицейі үздік деп танылды. Бағалау барысында білім сапасы, оқушылар жетістігі, мұғалімдердің біліктілігі, инклюзивті орта мен тәрбие жұмысы секілді бірқатар критерийлер ескерілді.

 

Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар, ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегі арқасында облыс оқушылары халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі олимпиадалар мен байқауларда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Тоғыз жүз жеті оқушы халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, 291 медаль жеңіп алды. Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – Ақтау қаласындағы IT-лицейдің 11-сынып оқушысы Бутантаев Рамазан абсолюттік жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.

Менделеев химия олимпиадасы (Бразилия, Белу-Оризонти): «Білім-инновация» лицейінің оқушылары – Қалдыбай Меңдіғали, Габдолла Райымбек – күміс; Умарбаев Нұрқожа – қола; Қалдыбай Меңдіғали – «Ең үздік практик» атағын иеленді. әл-Хорезми математика олимпиадасы (Ташкент): Джубатыров Медеу – күміс медаль. Жәутіков олимпиадасы: Кушбасов Жәнібек, Максым Әлмансур, Есболғанов Нұрлыбек – қола медаль. Робототехника бойынша жетістіктер – Италия: – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола; Түркия (Fibonacci Eurasia): – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола.

Қазақстан (Karaganda «RoboLand», Astana «Robotek Grand», «RoboZerde»): 2 күміс, 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль; Central Asia FIRST Championship-2025: облыстың 38 оқушысы арнайы аталымдармен марапатталды. Ауыл мектептеріне арналған олимпиада: 68 қатысушының 39-ы жүлдегер; 11 алтын, 9 күміс, 19 қола. «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» және командалық І, ІІ орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада: 78 оқушыдан 31-і жеңімпаз (39%) және үш оқушы жоғары оқу орнының грантын иеленді.

«Үздік ауыл мектебі оқушысы» аталымы: Дүйсенбек Абылан, Асатулла Диас. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша: Қанипа Бітібаева олимпиадасы – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола; Абайтану – 2 қола; «Жарқын болашақ» – 4 күміс, 2 қола. Басқа пәндер: 5–6 сыныптар республикалық олимпиадасы – 1 алтын, 4 күміс, 3 қола. Қ.Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы – 1 күміс, 2 қола. География – 1 күміс, 1 қола. Математика (Мирозова), «Ойлан, тап!» (Өтелбаев) – 3 қола. Ғылыми жобаларға негізделген «Зерде» байқауы: 31 оқушы қатысып, 29-ы жүлдегер 7 – І орын, 14 – ІІ орын, 8 – ІІІ орын.

9–11 сынып ғылыми жобалар байқауы: 3 алтын, 5 күміс, 2 қола. Халықаралық ғылыми жобалар байқауы: 2 алтын, 3 күміс, 1 қола. «Әбіш оқулары» – «Ең үздік команда»,  І орын; «Жыр алыбы – Жамбыл» айтысы – Бас жүлде; І.Жансүгіров оқулары – І, ІІ, ІІІ орын; Мәшһүр Жүсіп оқулары – 2 І орын, 2 ІІ орын. «Шексіз өмір» фестивалі: Ерекше білімді қажет ететін оқушылар: 1 Бас жүлде, 1 ІІ орын, 2 ІІІ орын. Бұл жетістіктер – аймақтағы білім беру жүйесінің сапасын, ұстаздар мен оқушылардың қажырлы еңбегін және ата-аналардың қолдауын айқын көрсетеді.

Халықаралық аренадағы табыстар, STEM бағытындағы белсенділік пен дарынды балаларға жасалған жағдайлар облыстың білім саласындағы жүйелі дамудың нақты дәлелі. Сонымен қатар алғаш рет «Зерделі» оқу орталығының өткізген «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық байқауындағы  жұптық турда қазақ тілі пәні мұғалімі Қаржаубаева Гулфайрус Нуфтоллақызы мен математика пәні мұғалімі Кенесариев Аманжан Елубайұлы екінші орынды, қазақ тілі пәні мұғалімі Қабдешова Ажар Оралбекқызы мен математика пәні мұғалімі Мамакова Айгерім Пулатқызы үшінші орынды иеленді.

«Математикалық прогрессия» байқауының аймақтық кезеңінде Орақов Әлібек Жұмабайұлы (Ақтау қаласы №17 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі), Рахметуллаев Айтымбет Сапарғалиұлы (Ақтау қаласы,  Жас-Қанат мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі), Қоңырбаев Ермек Мұхтарұлы (Ақтау қаласы, New Format High School мектебінің математика пәні мұғалімі), Дүйсенбаев Бахытжан Генджебайұлы (Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің математика пәні мұғалімі) екінші қатардан көрінді.

«Үздік тарих және құқық  пәні мұғалімі» олимпиадасында Қалман Қанатбек Жұмабайұлы (Ақтау қаласының №18 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі), Тлеуова Айнамкөз Аманкелдіқызы (Қарақия ауданының №11 жалпы білім беретін мектебінің құқық пәні мұғалімі) және облыстық «Тілші мұғалімдер – 2025» байқауында Қабдешова Ажар Оралбекқызы (Түпқараған ауданы Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Рахметова Гүлнара Силанқызы (Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Пирмантаева Балуза Қошкарбайқызы (Ақтау қаласының “Joo high school” жекеменшік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі) бірінші орынмен марапатталды.

Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің олимпадасында  Төлебаев Сакен Құттыбайұлы, (Мұнайлы ауданы «Grant high – school lyceum», математика пәні мұғалімі), Қадыров Қамбар Қанатұлы (Ақтау қаласы, «Мамандандырылған ІТ лицей», физика пәні мұғалімі), Деменова Нұргүл Айтуғанқызы  (Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебі химия пәні мұғалімі), Ізімова Қаламқас Сайлаубекқызы (Жаңаөзен қаласы, «№21 жалпы білім беретін мектебі», биология пәні мұғалімі), Кадирханов Нұрбол Оңғарұлы, (Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі) алдыңғы сапқа орнықты.

Алғаш рет сынып жетекшілер арасында өткен республикалық байқауда Жаңабергенова Мейрамгүл Сақидуллақызы (Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі) екінші орын, Күнтебай Нұржан Рүстемғалиұлы  (Ақтау қаласы Т. Айбергенұлы атындағы №9 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі), Жанадилова Нұршат Бисенбайқызы  (Мұнайлы ауданы №1 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі)  үшінші орындарға лайық деп танылды.

«Арнайы балабақшадағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогы» республикалық байқауында № 4 арнайы балабақша тәрбиешісі Галушкина Наталья Викторовна бірінші орын, «Арнайы балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогы» байқауында № 4 арнайы балабақша логопеді Гусева Наталья Анатольевна бірінші орын; «ППТК, Оңалту орталығының, Аутизм орталығының үздік педагогы» байқауында Түпқараған Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-психологі Ағаділова Оразгүл Бердібайқызы екінші орын жеңімпаздары атанды.

Ақбөпе Тынысбайқызы ИСКАЛИЕВА,
Білім басқармасы басшысының орынбасары,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий