Шымкент қаласы: Таңда! Өзгер! Жасампаз бол!

«Қызғалдақ» мәдениет сарайында қала әкімдігінің қолдауымен Таңда! Өзгер! Жасампаз бол!” тақырыбында республикалық форум ұйымдастырылды. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие өзекті кәсіптермен таныстыру және тұлғалық дамуының қалыптасуына ықпал ету.

Бірегей басқосуға шаһар жетекшісінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Тараз, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындары мен ТжКБ өкілдері, мектеп басшылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, педагог-психологтер және 9-11 сынып оқушылары (жалпы саны – 2100 адам) шақырылған еді.

Жүздесу шеңберінде 9-11 сынып оқушыларының мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып таңдау мүмкіндіктерін шешу, адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында кәсіби мамандармен кездесу ұйымдастырылып, диагностикалық тест алынды және жиналғандар тренингтерге  қатысты. Бұл форум – жас ұрпақтың қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт таңдауда таптырмас тәжірибе алаңына айналғаны анық. Және бұл шара – тек ақпарат алу емес, болашаққа деген сенім мен мотивацияның бастауы болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий