Қостанай облысы: Қауіпсіз мектеп – бақытты бала
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың қатысуымен білім басқармасының бастамасымен «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» диалог алаңы ұйымдастырылды. Көкейтесті мәселелерді талқылауға білім басқармасының басшысы Айман Елеманқызы Ибраева, облыстағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Сәрсенбайқызы Мальгаева, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Зариванқызы Басенова, сонымен бірге республикалық оқушылар олимпиадасының және жобалар конкурсының жүлдегерлері, олардың педагогтері мен ғылыми басшылары қатысты.
– Мемлекет басшысы көтерген қауіпсіздік мәселелері еліміздің әрбір мектебінің тіршілік қарекетінің мәселелерінде маңызды болуы тиіс. Жас өрендерді тәрбиелеу мен оқыту үшін қаншалықты қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалған кезде, біз әр баланың табысты дамуына барлық жағдай жасалды деп айта аламыз, – деді Бақытжан Хаберұлы. Жиналғандар ашық диалогта қауіпсіз орта және сапалы жағдайлар жасау оқушылардың қабілеттерін ашуға қалай ықпал ететінін, әрбір баланың өз құқықтарын білуі және оларды қорғай алуы, психологиялық қауіпсіздік дегеніміз не және т.б. маңызды мәселелерді талқылады.
Загрузка...– Бақыттты балалық шақты қамтамасыз ету үшін мектеп қауіпсіз орта болуы маңызды. Ол үшін бірнеше нақты қадамдар жасалуы қажет. Мұғалімдер мен ата-налар баланың дауысын тыңдап, оның пікірін құрметтеу керек. Бақытты бала өз ойын еркін жеткізеді және қателесуден қорықпайды. Ол тек өз үйінде ғана емес, мектепте де жылулық пен қолдауды сезінуі қажет. Сондықтан қауіпсіз орта құру – болашақтың сенімді негізі, – дейді «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының (МАТМЛИ) оқушылары Нұрсая Рақым мен Шолпан Утепова.