Солтүстік Қазақстан облысы: Жобалардың жүлдегерлерімен жүздесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті.  Аймақ бойынша жыл сайын 2,5 мыңға жуық оқушы олимпиадалық қозғалысқа қатысады. Бұл — оқушылардың ғылымға деген жоғары қызығушылығы мен білімге ұмтылысын көрсетеді. Осы оқу жылында республикалық ауыл оқушылары олимпиадасында 23 шәкірт жүлделі орындарды иеленіп, облыс командасы екінші жыл қатарынан еліміздегі үздік үштікке енген болатын.

– Оқушылар ғылыми жобалар байқауларында да белсенділік танытып келеді. Бұл — оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың жүйелі және тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Әсіресе зерттеу жобалары көрмесін тамашалау ерекше әсер қалдырды: тақырыптардың тереңдігі, қолданбалы бағыты — экология мен тарихтан бастап медицина мен ғарышқа дейін қамтылған. Бұл жай ғана оқушылық жұмыс емес, болашақтағы нақты ғылыми жетістіктердің бастауы деп білемін, – деді  Ғауез Торсанұлы.

Білім, табандылық пен даму жолындағы талпыныс — қуатты тәуелсіз мемлекетіміздің сенімді іргетасы. Бұл басқосудың жаңа креативті индустрия орталығында ұйымдастырылуы да тегін емес. Себебі осы бұл  — мұнда жастардың әлеуеті мен талантын ашуға барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегері атануға 122 оқушы, үздік аттестат алуға 11-сыныптан екі жүз отыз, тоғызыншы сыныптан – 434 білімгер үміткер болып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий