Павлодар облысы: Жаратылыстануды жетілдірудің жолында
Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебінің биылғы жас түлегі ҚАИРЖАН Асылхан — жаратылыстану ғылымдарының болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ғалым. «Алтын белгі» төс белгісіне үміткер бола отырып, ол тек үздік үлгерімімен ғана емес, география саласындағы айтулы жетістіктерімен де ерекшеленуде.
Асылханның ғылым жолындағы табыстары оның еңбекқорлығы мен мақсаткерлігінің жарқын көрінісі. Былтыр география пәнінен қалалық олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, бұл жетістігін биыл республикалық деңгейдегі қола медальмен толықтырды. Мұнымен тоқтамай, дарынды оқушы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім грантын жеңіп алып, болашақтағы кәсіби жолының негізін қалауда.
Кейіпкеріміз дәрігерлер отбасында дүниеге келсе де, жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығы ерте оянып, география әлеміне ерекше махаббатпен бой ұрды. Ол — жер бедері мен климаттық өзгерістерді, табиғи ресурстар мен әлем халықтарының орналасу ерекшеліктерін зерттеуді жаны сүйетін ізденімпаз жас.
Оның терең білімі мен логикалық ойлау қабілеті — олимпиадалық тапсырмаларды сәтті орындауына, жаңа идеялар мен тұжырымдарды батыл ұсынуына сеп болды. Ағылшын тілін еркін меңгеруі – жас түлектің ғылым жолындағы көкжиегін кеңейтіп, әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен ресурстарға қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік беруде.
Загрузка...