Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы – Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт
Ардақты ағайын!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.
Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.
Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз.
Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!
Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дорогие соотечественники!
Поздравляю со священным для всех мусульман праздником Курбан айт, олицетворяющим созидание, добро и милосердие!
В эти благословенные дни принято помогать нуждающимся, что стало нашей исконной традицией, передающейся из поколения в поколение. Ислам учит почтительности друг к другу и заботе о ближних, призывает к солидарности и взаимоуважению. Именно благодаря таким непреходящим ценностям укрепляется единство нашего народа.
Курбан айт – праздник взаимопонимания и согласия. Сохраняя стабильность в стране и сплоченность в обществе, мы сможем преодолеть любые вызовы и достичь наших стратегических целей. Вместе мы построим Справедливый, Чистый, Безопасный и Сильный Казахстан.
Пусть сбудутся все светлые пожелания, высказанные в эти дни!
Желаю благополучия каждой семье!
С праздником Курбан айт!
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты / Официальный сайт Президента Республики Казахстан
Загрузка...