Маңғыстау облысы: Балалардың дұрыс тамақтануы — басты назарда

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында балалардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Улану фактілеріне құзырлы органдар тарапынан 2025 жылғы ақпан және сәуір айларында облыстағы білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюда келесі жұмыстар атқарылды: екі асхананың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ екені анықталды. Бүгінгі таңда 1 мектептің қорытындысы алынды, екінші мектептің  жеке кәсіпкерімен келісім шарт бұзылуда; өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар түгенделді; бракераждық комиссияларының және ведомствоаралық топтарының жұмыстары күшейтілді. Атап айтқанда, биылғы жылдың бес айында  ведомствоаралық топтарымен барлық мектептердің асханалары тексеріліп, 57 мектепте кемшіліктер анықталды.

Осы орайда, 17 мектептің басшысына тәртіптік шара алынды және үш жеке кәсіпкерге акт толтырылып, ескерту берілді; жеке кәсіпкерлермен заңнамалық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қатан бақылауға алу тапсырылды; білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы оқыту семинар, әдістемелік көмектер ұйымдастырылды; облыстық бюджет есебінен мектеп асханаларына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды және жылдың аяғына дейін қосымша құрал-жабдықтар сатып алынатын болады; құзырлы органдармен Маңғыстау облысында орналасқан білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының ас блоктарында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсізідікті қамтамасыз етуге бағытталған 2025-2026 жылдарға арналған өңірлік жол картасы бекітілді.

Сондай-ақ, 103 мектепте ақпараттық-бағдарламалық кешендер орнатылып,  Әлеуметтік әмиянмен интеграциялау жұмыстары ұйымдастырылды. Қосымша 29 мектепте орнату үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар, ас блоктарында ас дайындау процестерін бақылауда, қойылған талаптарды сақтау мақсатында қосымша бейнебақылау камералары орнатылатын және асханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Құралай Нұрлығайынқызы ГАЗИМОВА,
Білім басқармасы басшысының орынбасары,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий