Ақмола облысы: Өңірдегі үлгілі оқу орны

Бурабай ауданына жұмыс сапары аясында аймақ жетекшісі Марат Ахметжанов Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжге барды. Өңір басшысы колледж аумағын аралап, ұжыммен кездесіп, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен көріктендіру жұмыстарына жоғары баға берді, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі колледж басшысына Алғыс хат пен ақшалай сертификат табыстап, білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясына белсенді қатысқаны үшін ұжымға ризашылығын білдірді. – Колледж аумағы таза, ұқыпты, ғимараттың іші де жан-жақты ойластырылып безендірілген. Бұл жерден шынайы қамқорлық пен ыңғайлы әрі шабыттандыратын орта құруға деген талпыныс айқын сезіледі. Колледж басқа оқу орындарына үлгі бола алады. Сіздердің «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысып, көгалдандыруға қосқан еңбектеріңіз – ерекше құрметке лайық. Сіздер биік межені белгілеп отырсыздар, – деді облыс әкімі Марат Мұратұлы.

Айта кетейік, бұл педагогикалық колледж алты мамандық және тоғыз біліктілік бойынша мамандар даярлайды. Қазіргі таңда мұнда 746 студент білім алуда. Арнаулы оқу орны заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған, болашақ педагогтардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына және тәрбиесіне қолайлы жағдай жасалған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий