Павлодар облысы: Халықаралық байқаудың бас жүлдесі

Майқайың балалар өнер мектебінің «Айналайын» үлгілі би ұжымы Өзбекстан астанасында өткен «Zhuldyz art Kazakhstan» халықаралық байқауында қос бірдей бас жүлдеге және бірінші орынға ие болды. Ташкент төріндегі бұл халықаралық байқау маусым айының 1-5 күндері аралығында ұйымдастырылған болатын. Байқауға алыс-жақын шет елдерден өнерлі жастар мен музыкалық ұжымдар жиналды, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Қатысушылар аспапта ойнау, көркем сөз, хореография, дәстүрлі ән, вокал номинацияларында өнер көрсетті. Бұл шараның мақсаты – өнер арқылы рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік беру. Байқауда ұлттық мәдениеті сақтау мен дамытуға, сондай-ақ әртүрлі елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Қазылар алқасы би ұжымының көркемдік деңгейі мен сахналық шеберлігін жоғары бағалаған.

– Оқушылар би арқылы шабыттанып, дене белсенділігін арттырып, шығармашылықпен айналысып келеді. Олар сахнаға шыққанда көрерменнің қошеметі ерекше болды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, – дейді ұжымның жетекшісі Анастасия Сухова. Таланттылар додасында жеңіске жеткен бишілер бұған дейін де көптеген белестерді бағындырып жүр. Бұл ретте би ұжымының жетекшісі Анастасия Олеговнаның еңбегін айта кеткеніміз жөн. Би тобының жеңісі – ауданның рухани өміріндегі қуанышты оқиға.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий