Астана қаласы: “Атамекен” киіз үй лагері
Елордасындағы №91 мектеп-гимназияда «Атамекен» киіз үй лагері өз жұмысын бастады. Ұлттық нақыштағы лагерьдің бірінші кезеңі үшін маусым айының 2-13 күндерін қамтитын топқа оқушыларды қабылдады. Лагердің басты мақсаты – қазақ тілін кеңінен насихаттап, оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриотық сезімді ояту. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу – лагерь басты бағыты, – деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Лагерь жұмысы киіз үйдің іші мен маңайында өткізіледі. Ұлттық нақыштағы безендіру мен салт-дәстүр элементы арқылы оқушылар әрекше әсер алатынына сенімдіміз. Мұнда балаларға арналған қазақтың ұлттық ойындары, танымдық сайыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары қарастырылған. Тәлімгерлер мен ұстаздар әр баланың белсенділигіне мән беріп, достық, сыйластық, жауапкершілік секілді құндылықтарды сіңдіреді.
Ең бастысы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі толық сақталған. Барлық іс-шаралар балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сай ойын түрінде өтеді. «Атамекен» киіз үй лагері ұлттық болмысты дәріптейтін рухани мекенге айналады. Жазғы демалыс кезеңинде Астана қаласы бойынша 1–10 сынып аралығындағы екі жүз он мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған.
Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобындағы 11 мыңнан астам балаға ерекше көңіл бөлінбек. Оқушылардың жазғы уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының жанынан түрлі бағыттағы уақытша демалыс орындары ұйымдастырылуда.
Загрузка...