Қазіргі білім жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдіру жолдары талқыланады

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты және «Kreativti Qazaqstan» Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 24.06.2025-25.06.2025 онлайн және офлайн форматта «БІлім берудің әлемдік трендтері: қазақстанда жүзеге асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты: Қазіргі заманғы білім беру саласындағы әлемдік трендтерді талдау, халықаралық тәжірибелер негізінде қазақстандық білім беру жүйесіне тиімді жаңашыл әдістерді енгізу жолдарын анықтау, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын практикаға тиімді бейімдеу мәселелерін қарастыру.

Семинардың негізгі бағыттары – Әлемдік білім беру трендтері: Цифрландыру, жасанды интеллект және білім берудегі Big Data мүмкіндіктері; STEAM, CLIL, PBL сияқты инновациялық әдістердің дамуы; Инклюзивті және тұлғалық-бағдарлы оқыту тенденциялары. Қазақстандық білім беру жүйесінде заманауи трендтерді бейімдеу жолдары: Жаңа тәсілдерді ұлттық мазмұнмен ұштастыру; Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби дамуы мен цифрлық сауаттылығы.

Функционалдық сауаттылық және креативті ойлауды дамыту: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; ХХІ ғасыр дағдылары (4K: креативтілік, коммуникация, кооперация, критикалық ойлау). «Білім берудің әлемдік трендтері: Қазақстанда жүзеге асыру жолдары» тақырыбын зерттеу қазіргі білім жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдірудің маңыздылығын айқындайды.

Қазақстанның білім беру саласында инновациялық әдістер мен цифрлық технологияларды енгізу, оқыту мазмұнын жаңарту, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту – уақыт талабы. Әлемдік трендтерге бейімделу – Қазақстанның халықаралық білім кеңістігінде өз орнын нығайтып, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан бұл үрдістерді ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдап, ұлттық ерекшелікті ескере отырып жүзеге асыру — маңызды әрі өзекті мәселе.

Мәрия Жұмақожақызы МАЙЛЫКУТОВА,
“Kreativti Qazaqstan! Халықаралық
ғылыми-әдістемелік орталығының директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий