Жас түлектер, бақыт жолында
Алматы қаласының Медеу ауданындағы №47 мектептің 2024-2025 оқу жылын тәмамдаған 9,11 жас түлектеріне аттестат тапсыруға арналған ерекше толқыныс пен тебіреніске толы салтанатты шара ұйымдастырылды. Тау бөктерінде орналасқан шағын білім ордасындағы биылғы балалардың саны 315. Тоғызыншыда екі сынып (қазақша, орысша) болса, он біріншілер (қазақша) бір сыныпты құраған болатын.
Загрузка...