Заманауи білім берудің сенімді серігі

Білім беру кеңістігі соңғы жылдары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесімен қатар жаңа цифрлық әдістер белсенді еніп, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс форматы жаңаша сипат ала бастады. Бұл өзгерістердің алдыңғы қатарында тұрған отандық жобалардың бірі – TOPIQ.kz электрондық оқулықтар платформасы. Мен, информатика пәнінің мұғалімі ретінде, бұл платформаны күнделікті жұмысымда тиімді қолданып жүрген маман ретінде өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

TOPIQ.kz – бұл жай ғана цифрлық оқулықтар жиынтығы емес. Бұл – оқушының білім алу жолын жеңілдететін, мұғалімнің жұмысын жүйелейтін, ал ата-ананың бақылауын нақтылайтын бірыңғай экожүйе. Осы платформаға алғаш рет тіркелген сәттен бастап-ақ менің кәсіби өмірімде елеулі өзгерістер орын алды.

Информатика пәнінің ерекшелігі – техникалық құралдармен жұмыс істеу, алгоритмдік ойлау, логикалық тапсырмаларды шешу және заманауи бағдарламалармен танысу. Осы тұрғыда TOPIQ.kz платформасы оқушылар үшін интерактивті, визуалды, әрі тартымды мазмұн ұсынуымен ерек. Мысалы, “Цифрлық қауіпсіздік” немесе “Ақпаратты сақтау құрылғылары” сияқты тақырыптарды өткенде, платформаның ішіндегі анимациялық бейнелер мен жаттығулар оқушыға құр теорияны емес, нақты әрекетті көру және қайталау мүмкіндігін береді. Бұл білімді берік әрі түсінікті етеді.

Тағы бір айта кетерлік ерекшелігі – Qamqor виртуалды көмекшісі. Бірнеше рет байқағаным, кейбір оқушылар белгілі бір тапсырманы орындауда қиналғанда, дәл осы көмекші олардың сұрағына нақты жауап беріп, дұрыс жолды көрсетеді. Бұл өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруда үлкен көмек. Мен мұғалім ретінде әр оқушының сұрағына бір уақытта жауап бере алмаймын, ал Qamqor бұл олқылықтың орнын толтырып тұр.

TOPIQ.kz – сабаққа дайындалуда да үлкен көмекші. Бұрын бірнеше сағат уақытымды презентация мен тапсырмалар дайындауға жұмсасам, енді платформада дайын жоспарлар мен бейнематериалдарды икемдеп қолдануға мүмкіндік бар. Мұның өзі менің кәсіби уақытымды үнемдеп, оқушылармен жұмысқа көбірек көңіл бөлуге жол ашты.

Платформадағы автоматты бағалау жүйесі де өте тиімді. Әр сабақ соңында оқушының нәтижесі автоматты түрде талданып, нақты деректер арқылы менің алдымда оқушының білім деңгейі жайлы толық картина пайда болады. Бұл деректерге қарап мен оқушының қай тақырыптан әлсіз екенін, қай жерде қателескенін бірден көре аламын.

Ал жеке оқу траекториясы – бүгінгі күннің басты бағыты. Әр оқушы бірдей жылдамдықпен меңгермейді, біреуге қосымша уақыт пен көмек қажет, біреуге күрделірек тапсырма керек. TOPIQ.kz осыны ескеріп, әр оқушыға бейімделген оқыту мүмкіндігін береді. Мұғалім ретінде мен үшін бұл – нағыз педагогикалық еркіндік.

Бүгінде менің әр сабағымда оқушылар смартфон немесе компьютер арқылы TOPIQ.kz-ке кіріп, үй тапсырмасын да, сыныптық жұмысты да сол жерден орындайды. Жас ұрпақтың цифрлық технологияға жақындығын ескерсек, бұл тәсіл – олардың білім алуға қызығушылығын арттырудың нақты құралы.

Қорытындылай келе, TOPIQ.kz – бұл болашақтың платформасы. Ол тек электрондық оқулық емес, ол – жаңа буын оқушысының білім алу философиясын қалыптастыратын орта. Мұғалімге шабыт, оқушыға қызығушылық, ата-анаға сенім сыйлайтын жүйе. Осындай отандық жобалардың бар екені мені қуантады. Біз осындай құралдарды дұрыс пайдалана білсек, еліміздің білім сапасы алға жылжитынына сенемін.

Абишев Алмас Эрланович,
Қостанай облысы, «Қостанай ауданы білім бөлімінің
Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
информатика пәнінің мұғалімі,
техникалық ғылымдар магистрі,
педагог-зерттеуші.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий