TopIQ.kz – білімді дамыту барысында сапаны арттырудың негізгі құралы
Заманауи білім беру кеңістігі тың технологиялармен үндескендіктен қажеттіліктерге сай тың тәсілдерді қолданудың талаптарын күшейтті. Себебі бүгінгі шәкірттердің пән тақырыптарына қызығушылығын тек оқулықпен, дәстүрлі әдіспен арттыру әсте қиын. Осы орайда отандық ағарту саласына ақпаратты жылдам қабылдайтын жас ұрпаққа бейімделген әрі жаңа үлгідегі – TopIQ цифрлық білім беру платформасы енгізілген болатын.

TopIQ.kz электронды жүйесі соңғы жылдары еліміздің білім беру жүйесіне қарқынды енгізілуі нәтижесінде оқытудың озық формаларының біріне айнала бастағанына куәміз. Ең басты ерекшелігі: кез келген жерден, қандай құрылғымен боласа да пайдалануға болады. Екіншіден – ақпаратты іздеу мүмкіндігі мен интерактивтілігі. Содан соң – балл қоюдағы объективтілік, яғни тапсырмалардың күрделілігінің түрлі деңгейі. Ең соңғысы төртіншіден – оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы, яғни өтіп кеткен материалдарды қайталау мүмкіндігінің молдығы.
Және осы платформаның артықшылығын жіктесек ең алдымен – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын ашып, оқушы, мұғалім рейтингісі, аудио және бейне тапсырмалар беру, қашықтан оқыту, ата-аналар, сынып жетекшілігі және тағы да басқа қажетті мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығының маңызы зор. TopIQ платформасында мұғалім мен ата-ана баланың оқу барысын нақты түрде бақылай алады. Берілген тапсырманы кім қаншалықты деңгейде орындады, қай бейнесабақты көрді, қандай сұрақтардың жауабын мүлтіксіз орындауда қиындықтарға кезікті – осының барлығы туралы шынайы және нақты мәліметтер жүйеде тіркеледі.
Бұл білім беру үдерісіне ата-ананы да тең деңгейде қатыстыруға жол ашып отыр. Демек олардың “балам не үйреніп жүр?”, “сабақты меңгерді ме?” деген сан түрлі сауалдарына дәл жауаптар табылмақ. Атап айтарлық қуанышты жайт – TopIQ платформасында барлық негізгі мазмұн мемлекеттік тілде әзірленген. Бұл – қайталап айта беретін қазақша контенттің сұранысын сапалы түрде қанағаттандыратын маңызды қадам. Осы платформаны еліміздің барлық аймақтарындағы білім беру ұйымдары сияқты біздің мектептегі әріптестер де белсенді қолдануда.
Атап айтсам осы жүйенінің тәсілдерін тиімді пайдаланудың барысында көптеген пән мұғалімдерінің жетекшілігімен шығармашылық жұмыс жасаған талапты жастардың қалалық, облыстық және республикалық білім байқауларынан жүлделі орындарды олжалауы сөзіміздің айқын дәлелі. Яғни оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын сабақ барысында үздiксiз байланыста ұстай білсек, білім сапасының артуына мол мүмкiндiктер берері сөзсіз.

Заман талабымен жас ұрпақты уақыт үдерісіне сай оқытуда бұл жаңа технологияны кеңінен қарастырған абзал әрине. Шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын отандық электронды оқулықтар платформасы жас ұрпақтың қарымды қабілетіне қоса ой-өрісін ілгері дамытуға таптырмайтын ресурс. Top IQ – бұл оқушылардың логикалық ойлау дағдысын жетілдіретін орта. Платформада түрлі деңгейдегі тапсырмалармен қатар олимпиадалық сұрақтардың ауқымды тізбесі жинақталған.
Ол оқушылардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар өмірмен байланысты көптеген сұрақтардың жауабын ұсынады. Әрбір бала бұл платформада деңгейіне сай тапсырмаларды таңдап, жүйелі жұмыс істей алады. Сол себепті жекелеген оқытуды жүзеге асырудың үлкен мүмкіндігі деуге толық негіз бар. Тағы бір артықшылығы – қолжетімділік пен тиімділік. Ауыл мектебінің оқушылары да интернет арқылы кез келген уақытта қосылып, дайындала алады.
“Таңдаулы 100 кітап“ жобасына қазіргі кезде педагогтер қауымы кеңінен үн қосуда. Осы орайда ескеретін бір жәйт электрондық оқулықтар платформасында әдеби шығармалар көп кездеседі және болашақта осы республикалық жобаны іске асыруға да септігін тигізетіндігіне сенімім зор. Сөзімнің соңында тобықтай түйін ретінде айрықша атап айтарым бұл платформа – оқушылардың орналасқан жеріне байланысты білім алудағы теңсіздікті жоятын басым бағыт. Жеке тәжірибемде осы платформаны пайдаланудың нәтижесінде шәкірттеріме түрлі тақырыптағы сабақтарды қосымша қызықты деректермен түсіндіруіме жол ашылды. Бұрыннан бар ізденісімді ілгерілету үстіндемін.
Сауле Балтабаевна АМИРОВА,
Бауыржан Момышұлы атындағы
жалпы орта білім беру мектебінің
тарих пәні мұғалімі, Павлодар қаласы