Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиададан төрт қола медаль жеңіп алды

Филиппинде мектеп оқушыларына арналған әлемдегі басты зияткерлік сайыстардың бірі – Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2025) өз мәресіне жетті. Биыл бұл додаға 80 елден 320-дан астам дарынды жас қатысты.

Қазақстан құрамасының барлық төрт мүшесі қола медаль иеленіп, 100 пайыздық командалық нәтиже көрсетті:

Ерсултан Қайыркен – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Айғаным Балташева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Алихан Ашырханов – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

Команданың ғылыми жетекшілері – отандық ғылымды белсенді дамытып жүрген жас биолог-ғалымдар Ләйлә Асқарова мен Ильяс Сакимов.

IBO-2025 олимпиадасы екі кезеңнен тұрды:

Теориялық тур – молекулалық және жасушалық биология, генетика, экология, эволюция және биожүйелеу бойынша күрделі есептерді шешу.

Практикалық тур – зертханалық жұмыстар, микроскопия, үлгілермен жұмыс істеу және биологиялық процестерді талдау.

Қазақстан 1994 жылдан бері IBO олимпиадасына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 18 күміс, 56 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 12 құрмет грамотасына ие болды. Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан бұл олимпиаданы өзі қабылдап, тағы да 100% нәтижеге қол жеткізген болатын.

Дарынды оқушыларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Экологиялық сана бала кезден қалыптасады, бұл жерде мектептің рөлі ерекше – Экологическое сознание формируется с детства, и школа играет в этом важную роль

Түркістан облысы Арыс қаласындағы 600 оқушы орнына арналған №2 орта мектеп «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды – В городе Арыс Туркестанской области в рамках проекта «Келешек мектептері» построена школа №2, рассчитанная на 600 ученических мест

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 46 мыңға жуық оқушы орнына арналған 29 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілуде – В рамках национального проекта «Келешек мектептері» в Туркестанской области реализуется строительство 29 школ нового формата, рассчитанных почти на 46 тыс. ученических мест

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда – По поручению Главы государства реализуется проект «Келешек мектептері»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда – По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева активно реализуется национальный проект «Келешек мектептері»

Добавить комментарий