Берілген баға биіктерге бастайды

1974 жылғы қыркүйек айының 16-ы күні дүниеге келгенмін. Орта мектепті жақсы бағалармен бітіргеннен кейін 1993–1997 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде шетел тілі мамандығы бойынша оқып, ағылшын тілі мұғалімі біліктілігін алдым. Еңбек жолымды 1997 жылы №16 мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастап, әр жылдары мұнай-газ, қонақ үй және оқу орталықтарында аудармашы, әкімші, оқытушы қызметтерін атқардым.

2002–2008 жылдары Атырау мұнай және газ институтында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болдым. 2019 жылдан бері О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет етіп келемін. Ұстаздық еңбек жолымда  таңдаған мамандығым бойынша қазіргі заман талабына сай ұдайы ізденіс жасап, біліктілігімді арттырудамын. Ағылшын тіліне бейімділігі бар шәкірттерімнің ынтасы мен жігерін қолдау арқылы білім бәйгесіндегі түрлі сынақтарда шығармашылықтарын шыңдау жолында ақыл-кеңесімді аянып қалған емеспін. Байқаулардан жүлдемен оралатын қазіргі студенттерім мен жоғары жетістіктерге жеткен бұрынғы түлектерді әркез мақтан тұтамын. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ұлттық рухтағы бәсекеге қабілетті және нарық сұранысына сай кәсіби мамандарды даярлауға қосқан педагогтық үлесімді бағалап, ізгі ниетпен пайымды пікірлерін білдірген әлеуетті әріптестеріме ризашылығым шексіз. Бұл берілген бірегей бағаларыңыз отандық техникалық және кәсіби білім беру жүйесін ілгері дамыту жолындағы оқытушылық жұмысымда әлі де биік белестерге бастайтындығы даусыз. Сіздер артқан зор сенімдеріңізді абыроймен адал ақтауға бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын және баршаңызға барлық жақсылықты тілеймін!!!

Айгүл Айжарыққызы АРАЛБЕКОВА,
О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы
техникалық колледжінің ағылшын тілі
пәнінің оқытушысы, Атырау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий