Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады – Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил обращение участникам форума Jastar Fest, посвященного Международному дню молодежи

Құрметті жастар, форумға қатысушылар!

Қадірлі қауым!

Халықаралық жастар күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – мән-мағынасы ерекше мереке. Бүгін осында нағыз отаншыл, дарынды және жанашыр жастар жиналды. Түрлі кәсіпті меңгерген азаматтар бас қосып отыр. Халқымыз қашанда талапты жастарды қолдаған. «Ақыл – жастан» деп, оларға зор сенім артқан. Сіздер барлық салада белсенді түрде еңбек етіп жатсыздар. Волонтер ретінде мұқтаж жандарға көмек беріп жүрсіздер. Маңызды бастамаларға, экологиялық іс-шараларға атсалысып, қолдау көрсетіп келесіздер. Спорт, білім сайыстарында топ жарып, елдің абыройын көтеріп жүрсіздер. Осылайша, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құруға нақты үлес қосып жатсыздар. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!

Жастар форумы Павлодар қаласында өтіп жатыр. Бұл аймақ – ұлт руханиятын байытуға өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті тұлғалардың мекені. Сондай-ақ Павлодар – еліміздегі өнеркәсіп орталығының бірі. Облыстың экономикамызды өркендетуге қосқан үлесі зор. Аймақ тұрғындары өндіріс, шаруашылық және басқа да салада адал еңбек етуде. Елімізді көркейтуге атсалысуда. Жастарымыз олардан үлгі-өнеге алып, облысты одан әрі дамытып, жаңа мақсаттарға жету үшін қызмет етуі керек. Еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік – ең асыл қасиеттер.

Биыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы. Осыған орай, біз ауқымды шараларды қолға алдық. Елімізде еңбек адамына әрдайым ерекше құрмет көрсетілуі керек. Мұны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды, себебі, еңбек – әрбір адамның өмірінің тұғыры, қозғаушы күші. Еңбексіз ешқандай даму, өркендеу болмайды. Бұл бастаманың мән-маңызы да – осында.

Жастар қашанда және қай кезде де өзгерістің басы-қасында жүреді. Сіздер дүние әп-сәтте мың құбылатын заманда өмір сүріп жатсыздар. Жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – Сіздер. Отанымыздың тағдыры белгілі бір дәрежеде жас буынның күш-қуатына, ой-пікіріне, білім-білігіне, табандылығы мен патриоттық қасиеттеріне байланысты.

Мемлекет өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасайды. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылуда.

Бұл игіліктерді 600 мыңнан аса жас көріп отыр. Сондай-ақ олар арнаулы квота арқылы Мәжіліс пен мәслихат қызметіне белсенді атсалысуға мүмкіндік алды. Президенттік жастар кадр резерві мүшелері де іскерлік қырымен танылып, жоғары лауазымдарға тағайындалып жатыр. Ауыл мен аудан әкімдерін тікелей сайлау тәсілі көптеген жастың жергілікті атқарушы билік жүйесіне қызметке келуіне жол ашты.

Дүние жүзінде жастарға арналған осындай мазмұнды бағдарламалар көп емес. Мемлекетіміз стратегиялық маңызы бар бұл саясатты міндетті түрде жалғастырады.

Елімізге жауапкершіліктен қашпайтын, аянбай еңбек ететін әрі өзін ұдайы жетілдіріп отыратын жаңашыл жастар қажет.

Хакім Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп бекер айтпаған. Ұлы ойшылдың бұл өсиеті бүгін де – өзекті. Қазақстан жастары – көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, жасампаз азаматтар. Еліміздің жарқын болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Мен Сіздерге сенемін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Жолдарыңыз ашық болсын! Жастарымыз әрқашан бақытты және табысты болсын!

 

Уважаемые участники форума!

Поздравляю Вас с Международным днем молодежи!

Этот праздник имеет особое значение.

Сегодня здесь собралась по-настоящему патриотичные, талантливые и ответственные молодые люди.

Среди участников форума – представители разных профессий.

Наш народ всегда поддерживал целеустремленную молодежь и оказывал ей высокое доверие. Как говорится, «ақыл – жастан» («мудрость приходит с юных лет»).

Вы активно трудитесь во всех сферах: помогаете нуждающимся в качестве волонтеров, поддерживаете добрые начинания, участвуете в экологических акциях, прославляете страну победами в спортивных и образовательных соревнованиях.

Тем самым каждый из вас своими конкретными делами участвует в строительстве Справедливого, Чистого и Сильного Казахстана.

Выражаю вам искреннюю благодарность!

Форум молодежи проходит в Павлодаре.

Этот регион известен как родина многих выдающихся личностей, которые внесли значительный вклад в обогащение духовного мира нашего народа.

Наряду с этим Павлодар – это один из крупнейших промышленных центров, вносящий значительный вклад в развитие экономики страны.

Своим самоотверженным трудом на предприятиях, в сельском хозяйстве и в других сферах жители области обеспечивают процветание нашего государства.

Подрастающее поколение должно брать с них пример и прилагать все усилия во имя дальнейшего прогресса региона и достижения новых высот.

Важно помнить, что самые благородные качества – это трудолюбие, любовь к знаниям, неравнодушие и ответственность.

Этот год в Казахстане объявлен Годом рабочих профессий.

В связи с этим предпринимаются масштабные меры.

В нашей стране человек труда всегда должен пользоваться особым уважением.

Нужно, чтобы об этом помнили наши юные соотечественники, ведь труд – это прочный фундамент и движущая сила в жизни каждого человека.

Без труда невозможно развитие и процветание. Суть данной инициативы кроется в этом.

Молодежь всегда и везде олицетворяет невероятную силу перемен.

Вы родились в эпоху, когда весь мир меняется быстрее, чем когда-либо, когда для молодых людей очень много возможностей для самореализации.

Я очень рад, что наша передовая молодежь активно участвует в общественной жизни, учится, работает и всесторонне развивается. Потому что вы – не только будущее, а, по сути, настоящее нашей страны.

От вашей энергии, идей, знаний, целеустремленности и патриотизма в определяющей степени зависит судьба нашей Родины. Будущее нашей страны – в ваших руках.

Государство создает надлежащие условия для подрастающего поколения.

В Казахстане разработано и вводится в действие множество программ, направленных на расширение доступа к образованию, трудоустройству, развитию талантов, льготному приобретению жилья, поддержке молодежного предпринимательства.

В этих программах участвуют свыше 600 тысяч молодых людей.

Более того, благодаря специально введенным квотам молодежь получила возможность активно участвовать в деятельности Мажилиса и маслихатов.

Хорошо показывает себя Президентский молодежный кадровый резерв, его участники назначаются на высокие управленческие позиции.

Внедрение прямой выборности акимов сел и районов открыло дорогу для многих молодых людей в систему местной исполнительной власти.

Могу с уверенностью сказать, таких примеров поддержки молодежи не так много. И государство продолжит эту стратегически важную работу.

Нашей стране нужен мощный молодежный авангард, который не боится ответственности, усердно трудится и постоянно самосовершенствуется.

Слова великого мыслителя Абая «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» («Верь в себя, и опора и счастье твое – наразлучные разум и труд») актуальны и по сей день.

Молодежь Казахстана – это образованные, талантливые, активные, идущие в ногу со временем граждане.

Я верю в вас!

Пусть наша священная Родина процветает!

Желаю вам успехов во всех делах!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты – Официальный сайт Президента Республики Казахстан

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий