МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

 

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий