«Келешек» жинақтау жүйесіне 35 мыңға жуық салымшы қосылды

Биыл жоғары білім қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заң қабылданды. Бұл заң студенттерді қолдаудың қосымша шараларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

«Заң қабылданғаннан бері, 8 айда 35 мыңға жуық салымшылар «Келешек» жүйесіне тіркелді», – деді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, әкімдіктер, жұмыс берушілер, әртүрлі қорлар биыл да жылдағыдай мемлекеттік гранттардан басқа 5 мыңға жуық грант бөлді. Сондай-ақ, студенттердің стипендиясының мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайтылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий