Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! – Уважаемые коллеги! Дорогие учителя, родители и школьники!

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам мектеп 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашады. Оның ішінде бірінші сыныпқа 360 мыңнан астам бала келеді. Оқушылар мен олардың ата-аналарын осы маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен оқу жылы ұстаздарымыз бен оқушыларымыз үшін толағай табыстарға толы болды. Ел мектептерінде еңбек етіп жүрген 600 мыңға жуық мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында біз биік белестерді бағындырдық. Қазақстандық оқушылар халықаралық білім сайыстарында мыңнан аса медаль иеленді, оның ішінде 193 алтын бар. Әрбір екінші қатысушы елге жеңіспен оралды. Бұл – отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің жарқын дәлелі әрі ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің жемісі.

Мемлекет басшысы Республикалық тамыз конференциясында педагогтердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне айрықша тоқталды. Бұл қағида бүкіл қоғам үшін негізгі бағдар болуы тиіс.

Балалардың сапалы білім мен тәлімді тәрбие алуы үшін мемлекет барынша қолайлы жағдай жасап келеді. Президенттің қолдауының арқасында елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім береді. Бүгінгі таңда 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 245 ғимарат реновациядан өтуде. Нәтижесінде жарты миллионнан астам қазақстандық оқушы осы жылдан бастап заманауи әрі жайлы мектептерде білім алмақ.

1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «ДосболLIKE» антибуллингтік жобасы іске қосылады. Сондай-ақ кезең-кезеңімен мектептерге бірыңғай дизайн-код енгізіледі. Барлық мектептерде жасанды интеллектіні жаппай енгізу қадам-қадаммен іске асырыла бастайды.

Жұмысшы мамандықтарын таңдаған студенттердің барлығы колледждерде тегін білім алады. Отандық 5 колледж жетекші кәсіпорындармен және әлемдік білім беру орталықтарымен бірлесіп жұмыс істей бастайды.

Бізді алда маңызды оқиғалар күтіп тұр! Алматы қаласында Бүкіләлемдік инклюзия конгресі, Ақтауда TurkSkills – түркі әлемі елдерінің жұмысшы мамандықтары чемпионаты өтеді. Сондай-ақ елімізде Ата-аналар комитетінің алғашқы республикалық форумы ұйымдастырылады.

Қадірлі әріптестер, ардақты ата-аналар мен оқушылар!

Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!

Білім күні құтты болсын!

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ,
ҚР Оқу-ағарту министрі

Сегодня в восьми тысячах школ страны начинается новая школьная пора. За парты сядут свыше четырёх миллионов детей, а 360 тысяч учеников впервые переступят порог школы. Искренне поздравляю родителей и школьников с этим значимым днем!

Прошлый учебный год был богат на события и достижения. Эти успехи стали возможны благодаря упорному труду и преданности делу наших 600 тысяч педагогов. Казахстанские школьники показали высокий результат на международной арене, завоевав более тысячи медалей, среди которых 193 – золотые. Каждый второй участник вернулся с призовым местом. Это убедительное доказательство конкурентоспособности отечественного образования и, безусловно, заслуга наших учителей.

Глава государства на Республиканской августовской конференции особо подчеркнул роль и статус педагога. И это должно стать осознанной позицией всего общества.

Государство продолжает создавать условия для качественного обучения и воспитания детей. Благодаря поддержке Президента три тысячи школ страны обучают в одну смену. Сегодня строятся ещё 232 новые школы и проводится масштабная реновация двухсот сорока пяти зданий. Более полумиллиона казахстанских школьников уже в этом учебном году начнут занятия в современных и комфортных условиях.

С 1 сентября во всех организациях стартует программа воспитания «Адал Азамат» и антибуллинговая программа «ДосболLIKE». Поэтапно внедряются единый дизайн-код внутреннего оформления школ. Важной особенностью нового учебного года станет внедрение искусственного интеллекта в учебный процесс. Все студенты, выбравшие рабочие специальности, будут обучаться в колледжах бесплатно, а пять отечественных колледжей начинают сотрудничество с ведущими предприятиями и образовательными центрами мира.

Впереди нас ждут значимые события! Это первый Всемирный конгресс по инклюзии в Алматы, чемпионат рабочих профессий стран тюркского мира TurkSkills в Актау, а также первый Республиканский форум родительских комитетов.

Дорогие коллеги, родители и школьники!

Мы встречаем новый учебный год с надеждами и большими планами. Каждый из вас вносит неоценимый вклад в будущее Казахстана. Пусть этот год станет временем новых свершений, уверенности и вдохновения.

С Днём знаний!

Гани БЕЙСЕМБАЕВ,
Министр просвещения РК

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий