Құрметті Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бегалиев атындағы орта мектептің ұжымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздық – ұлы да жауапты мамандық. Сіздер жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, олардың жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, болашағына бағдар беріп келесіздер. Әрбір шәкірттің жетістігі – Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Осы мектептің түлегі ретінде, мереке қарсаңында өз атымнан Сіздерге рухани сый ретінде «Білімді ел» республикалық газетіне жазылуды тарту етуді жөн көрдім. Бұл басылымнан заманауи білім беру үрдістері мен педагогикалық тәжірибелер туралы мол мағлұмат алып, ұстаздық еңбектеріңізге жаңа серпін беретініне сенемін.

Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің қуанышы көбейе берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!!

Мұхамбетжанова Сауле Талапеденовна,
“Өрлеу ҰБАО” АКФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының “Жаратылыстану-математика бағыттағы” кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий