Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Алғабас орта мектебінің ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз болу – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілікті, жан-жүрекпен берілуді талап ететін қасиетті міндет. Сіздер жас ұрпақтың бойына біліммен қатар тәрбие, мейірім, адами құндылықтарды сіңіріп, олардың болашағына жол ашып келесіздер.

Мен үшін сіздердің әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз ерекше қымбат. Мереке қарсаңында, осы мектептің түлегі ретінде, өз ризашылығым мен алғысымды білдіре отырып, Сіздерге «Білімді ел» республикалық газетіне жазылу сыйлығын тарту етуді жөн санадым. Бұл басылымнан Сіздер білім саласындағы тың идеялар мен тәжірибелер туралы пайдалы ақпарат алып, кәсіби шеберліктеріңізді одан әрі арттырасыздар деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің биік белестері мен ата-аналардың алғысы көп болсын! Мерекелеріңізбен!

Құрметпен, 
Кабдылова Гулжанат Токтарбековна,
“Өрлеу ҰБАО” АКФ Алматы қаласы
бойынша Кәсіби даму институтының
“Жаратылыстану-математика бағыттағы”
кафедрасының аға оқытушысы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий