Құрметті Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Абай атындағы орта мектептің ұжымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздық – ұлы да жауапты мамандық. Сіздер жас ұрпаққа білім нәрін беріп қана қоймай, олардың жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, болашағына бағдар беріп келесіздер. Әрбір шәкірттің жетістігі – Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.
Осы мектептің түлегі ретінде, мереке қарсаңында өз атымнан Сіздерге рухани сый ретінде «Білімді ел» республикалық газетіне жазылуды тарту етуді жөн көрдім. Бұл басылымнан заманауи білім беру үрдістері мен педагогикалық тәжірибелер туралы мол мағлұмат алып, ұстаздық еңбектеріңізге жаңа серпін беретініне сенемін.
Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің қуанышы көбейе берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна,
“Өрлеу”БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша
КДИ “Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы”
кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, тренер

