Құрметті Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыбастау ауылының Сарыбастау орта мектебінің ұжымы!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен* шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз болу – ерекше жауапкершілік пен үлкен жүректі қажет ететін мәртебелі мамандық. Сіздер – жас ұрпақтың жүрегіне білім мен тәрбиенің дәнін сеуіп, болашаққа сенімді бағыт-бағдар беріп келе жатқан шынайы жанашыр жандарсыздар.
Осы мектептің түлегі ретінде, сіздердің еңбектеріңізге деген ризашылығымның белгісі ретінде, рухани сый ретінде «Білімді ел» республикалық басылымына жазылу тарту етуді жөн көрдім. Бұл газеттен сіздер заманауи білім беру үрдістері мен озық педагогикалық тәжірибелер жайлы мол мағлұмат алып, кәсіби дамуларыңызға серпін аласыздар деп сенемін.
Сіздердің әр күніңіз шәкірт табысымен қуантсын, еңбектеріңіздің жемісін көріп, биік белестерден көріне беріңіздер! Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасылық береке тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Комекова Сандугаш Оралхановна

