Құрметті Жетісу облысы, Кербұлак ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымы!

Құрметті Жетісу облысы, Кербұлак ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Сіздер әрбір шәкірттің болашағына жарқын сәуле түсіріп, оларға біліммен қатар, адамгершілік, еңбекқорлық, Отансүйгіштік сияқты асыл құндылықтарды үйретіп келесіздер. Әрбір жетістікке жеткен шәкірт – Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, төзімділіктеріңіздің және мейірімдеріңіздің жемісі. Сіздер біздің қоғамның ертеңі – жас ұрпақтың рухани тірегісіздер.

Мен осы мектептің түлегі ретінде, Сіздердің маған берген білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз үшін әрдайым шексіз ризашылық білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда мен бүгінгі жетістіктерге жеттім. Мереке қарсаңында Сіздердің кәсіби өсулеріңізге деген құрметім мен қолдауымды білдіру мақсатында, ұжымға рухани сый ретінде «Білімді ел» республикалық газетіне бір жылдық жазылуды тарту етуді жөн көрдім.

Бұл басылымнан заманауи білім беру үрдістері, озық педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелер туралы мол мағлұмат алып, ұстаздық еңбектеріңізге жаңа серпін беретініне сенімдімін. Еңбектеріңіз әрқашан жемісті болып, шәкірттеріңіздің қуанышы еселене берсін! Оқушыларыңыз еліміздің игілігіне жарайтын азамат болып өссін!

Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, бақыт және жұмыстарыңызда толағай табыстар тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен және зор құрметпен,
Жартынова Жанар Алибековна

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий