Жасанды интеллект дәуіріндегі педагог құзыреті мен этикасы

2025 жылғы 28 қазан күні Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейде «Жасанды интеллект дәуіріндегі педагог құзыреті мен этикасы» атты республикалық форум өтті. Бұл ауқымды іс-шараны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы, және №84 мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен — Қарағанды, Абай, Ақмола облыстарынан және Астана мектептерінен жалпы саны 300-ге жуық педагог, білім басшылары, IT-мамандар мен сарапшылар қатысты. Басты мақсат — жасанды интеллект заманында мұғалімнің жаңа рөлін айқындау, цифрлық құзыреттілікті арттыру және білім беру этикасын дамыту.

Форумның ашылуында №84 мектеп-лицей директоры, модератор Самал Ботахановна Нугуманова қатысушыларды қарсы алып, білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың рөлін атап өтті. «Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның әлеуетін арттырады. Технологияның күші адамдық құндылықпен ұштасқанда ғана білімнің сапасы артады», – деді мектеп директоры өз сөзінде. Ал құттықтау сөзді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев сөйлеп, мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған осындай форматтағы форумдардың маңыздылығын атап өтті.

Форумның Keynote Session бөлімінде білім саласының жетекші сарапшылары баяндамалар жасады: Назипа Аюбаева, ҰБА президенті – «ЖИ-ді оқу процесінде қолдану этикасы» Ербол Абсалямов, ISSAI ұйымының директоры – «Қазақ тілін дамытудағы ЖИ мүмкіндіктері» Нұрлан Қиясов, EDCRUNCH және Amansultan негізін қалаушы – «Білім беру жүйесінде ЖИ-ді тиімді енгізу» Самал Нугуманова, №84 мектеп-лицей директоры – «Цифрлық технологиялар интеграциясындағы мектеп моделі» Ирина Цой, Canadian International School өкілі – «Шетелдік тәжірибеден мысалдар» «Болашақ құзыреттіліктері: ЖИ дәуіріндегі өмірге дайын болу үшін балаларға қандай дағдылар қажет?» атты пікірталаста сарапшылар мен кәсіпкерлер заманауи білім беру мәселелерін талқылады.

Панельдік пікірталас және EdTech көрмесі. Келесі бөлімде «Болашақ құзыреттіліктері: ЖИ дәуіріндегі өмірге дайын болу үшін балаларға қандай дағдылар қажет?» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Пікірталаста білім саласындағы жетекші мамандар мен кәсіпкерлер цифрлық дәуірде бала тәрбиесінің жаңа бағыттарын, мұғалімнің инновациялық және этикалық жауапкершілігін талқылады. Сонымен қатар форум барысында EdTech жобалар көрмесі ұйымдастырылып, педагогтерге арналған заманауи оқу технологиялары таныстырылды.

Сонымен қатар, EdTech көрмесінде мұғалімдерге арналған заманауи оқу құралдары мен инновациялық платформалар таныстырылды. Шеберлік сабақтар. Педагогтерге арналған практикалық сессияларда: Қазақ тілі мен әдебиетінде ЖИ қолдану; Виртуалды зертханалар; Чат-боттар құру; AI-карталар арқылы деректерді визуализациялау; Ағылшын тілі мен информатикадағы жаңа әдістер көрсетілді.

Форум соңында қатысушылар жасанды интеллект пен білімнің тоғысуы туралы өз ойларымен бөлісті. №84 мектеп-лицей директоры Самал Нугуманова қорытынды сөзінде: «Жасанды интеллект – мұғалімнің бәсекелесі емес, серіктесі. Ал басты күш – ұстаздың жүрегінде», – деді. Бұл форум педагогтерге жаңа идеялар, құралдар мен серіктестік мүмкіндіктер ұсынды. ЖИ дәуірінде ұстаздың кәсіби және этикалық мәдениетін жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Дастан ЕРКІНҰЛЫ,
әдістемелік орталықтың баспасөз
хатшысы, Астана қаласы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий