Жасанды интеллект және академиялық жазу: жаңа дәуірдің талаптары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі заманның басты сын-қатерлеріне тоқталып, еліміздің жаңа тарихи дәуір – жасанды интеллект пен жаппай цифрландыру дәуіріне қадам басқанын атап өтті. Мемлекет басшысы: «Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы керек. Біз жасанды интеллект технологиясын барлық салаға енгізу арқылы экономиканы жаңғыртамыз», – деп атап өтті. Президенттің бұл бастамасы Қазақстанның стратегиялық даму бағытының өзегіне айналып отыр. Жолдауда айтылғандай, цифрлық сауаттылық пен жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі қоғамның әрбір азаматы үшін табысты болудың негізгі шарты. Сондықтан білім беру саласы жасанды интеллектіні тиімді әрі жауапты қолдануға үйретуді басты мақсаттарының бірі ретінде қарастыруы қажет.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Шетел тілдері кафедрасы «AI in Academic Writing» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқытушылар, магистранттар және бакалавриат студенттері арасында академиялық жазуда жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру болды. Бұл тақырыптың өзектілігі – қазіргі таңда жасанды интеллект  платформалар оқу мен зерттеу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналғанымен, олардың шектеулері мен этикалық қырлары әлі де жан-жақты талқылауды қажет етеді.

Дөңгелек үстел барысында кафедра оқытушылары академиялық жазудың негізгі талаптарын, жасанды интеллекттің көмегі мен қауіптерін түсіндірді. Талқылауда ЖИ құралдарының артықшылықтары – тілдік дәлдік, құрылымдық үйлесімділік, мәтінді тез талдау мүмкіндігі аталып өтілсе, кемшіліктері ретінде дереккөздердің сенімділігі мен шығармашылық ойдың әлсіреу қаупі айтылды. Кафедра доценті Ш.С. Жакупова өткізген тәжірибелік бөлім ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда студенттерге жасанды интеллект платформаларына сілтемелер беріліп, оларға ықтимал диссертациялық тақырыптар ұсынылды. Қатысушылар ЖИ көмегімен зерттеу жоспарын, аннотациясын әзірлеп, ұқсас ғылыми еңбектерді талдады.

Соңғы бөлімде пікірталас ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар жасанды интеллектіні қалай жауапты қолдануға болатыны жөнінде өз ойларын ортаға салды. Олар академиялық адалдық пен адам еңбегінің маңызын сақтай отырып, ЖИ-ді қолжетімді әрі пайдалы құрал ретінде қарастыру қажет деген ортақ пікірге келді.

Қорытындылай келе, бұл дөңгелек үстел мемлекет басшысының цифрлық жаңғыру және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі стратегиялық бағытына үн қосқан маңызды бастама болды. Іс-шара қатысушылардың кәсіби және академиялық құзыреттерін арттырып, жаңа технологияларды этикалық әрі тиімді қолдануға жол ашты.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің
Шетел тілдері кафедрасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий