«Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумы

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты. Форумда үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Олардың арасында: Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындары.

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.

– Бұл – шын мәнінде өте маңызды жиын, жаһандық білім мен ғылымның дамуы туралы аса құнды ой-пікірлер айтылатын, болжамдар жасалатын бірегей алаң. Осыған орай әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары және өкілдері Астанада бас қосып, пікір алмасып жатыр. Халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар елордамызда маңызды мәселелерді талқылауда. Бүгін де академиялық білім әлеміндегі беделді жоғары оқу орындарының жетекшілері терең мағыналы ойларын ортаға салды. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш, ал университет – озық ойлар мен жаңа идеялардың ордасы, ғылыми ізденіс ортасы.

– Қазір адамзат түбегейлі өзгерістер дәуіріне қадам басқан кезде білім ордалары заман талабына сай озық болуға тиіс. Онсыз ешқандай даму да, өркендеу де болмайтыны анық. Қазақстан білім-ғылым жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отыр. 2019 жылдан бері осы салаға бөлінетін қаржы үш есе ұлғайды. Елімізде жоғары оқу орындарының дербестігі артып келеді, зерттеу университеттері көбеюде. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң қабылданды. Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Мемлекет ғалымдарға, әсіресе, жас зерттеушілерге барынша қолдау көрсетуде. Жоғары білімнің барша азаматқа бірдей қолжетімді болуы – өте маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы.

Форум стратегических партнёров «Казахстан – территория академических знаний» стал ярким событием года. В Астане собрались наши стратегические партнёры в сфере науки и высшего образования, их выступления на Форуме имели большое смысловое значение. Глава государства подчеркнул масштабность мероприятия и то, что наука и образование не имеют границ. Модерировал Форум и выступал на нём министр науки и высшего образования Саясат Нурбек. Среди спикеров – президент компании Quacquarelli Symonds (QS) Нунцио Квакварелли, ректор МГИМО Анатолий Торкунов, президент Пекинского университета языка и культуры Пэн Дуань, президент Cardiff University Венди Ларнер, председатель попечительского совета образовательного фонда Woosong Ким Сонг Кёнг, ректор МИФИ Владимир Шевченко, президент Minerva University Бен Нельсон, ректор Бакинского государственного университета Эльчин Бабаев, ректор Северо-Казахстанского университета им. М.Козыбаева Ербол Исакаев. В рамках Форума были встречи Главы государства с зарубежными гостями, а также трогательные моменты встречи К.К. Токаева с иностранными студентами, обучающимися в Казахстане. В настоящее время в вузах нашей страны обучаются свыше 31 тыс. зарубежных студентов. Президент поставил задачу увеличить их число до 100 тыс. к 2029 году.

Президент: «Образование и наука – это движущие силы, способные изменить мир»

Выступая на Форуме стратегических партнёров «Казахстан – территория академического образования», Президент отметил, что образование и наука – это важнейшие сферы стратегического значения, не имеющие границ и объединяющие все страны мира. По его словам, проводимый Форум – яркое тому подтверждение:

– Это действительно очень важное мероприятие, уникальная площадка, на которой высказываются ценные идеи, вырабатываются прогнозы развития глобального образования и науки. Со вчерашнего дня в Астане проходят встречи руководителей и представителей ведущих университетов мира, идёт интенсивный обмен мнениями. Учёные и эксперты международного уровня обсуждают в нашей столице актуальные вопросы. И сегодня руководители престижных в академической среде мировых вузов делятся с нами своими глубокими размышлениями. Выражаю всем вам искреннюю признательность.

Глава государства подчеркнул, что образование и наука – это движущие силы, способные изменить мир, а университеты – центры передовых идей и научных исследований:

– Сейчас, когда человечество вступило в эпоху кардинальной трансформации, учебные заведения должны соответствовать требованиям времени, идти в фарватере преобразований. Безусловно, без этого невозможны развитие и прогресс. Казахстан придаёт особое значение развитию системы образования и науки. С 2019 года финансирование данной сферы выросло в три раза. Расширяется самостоятельность вузов, увеличивается количество исследовательских университетов. Принят новый Закон «О науке и технологической политике». Учреждён Национальный совет по науке и технологиям при Президенте. Государство оказывает всестороннюю поддержку учёным, особенно молодым исследователям. Одной из ключевых задач остаётся обеспечение равного доступа к высшему образованию для всех граждан.

Мемлекет басшысы: «Еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды»

Президент еліміздегі жоғары оқу орындарының беделді халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарып келе жатқанын айтты.

– QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли мырза өз баяндамасында бұл мәселеге кеңінен тоқталды, Қазақстан университеттерінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Біз ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, әріптестігімізді нығайта түсуге мүдделіміз, бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз. Сондай-ақ еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды. Бұл да біз үшін зор жетістік, – деді Президент.

Глава государства отметил рост показателей отечественных вузов в престижных международных рейтингах:

– Президент международного рейтингового агентства QS г-н Нунцио Квакварелли в своём докладе подробно остановился на этом вопросе, особо подчеркнув динамичное развитие университетов Казахстана. Мы заинтересованы в том, чтобы объединить усилия и укрепить наше партнёрство на пути к общей цели, и всегда готовы к совместной работе. Более того, 5 отечественных университетов вошли в список лучших учебных заведений мира, подготовленный изданием Times Higher Education. Это наше значимое достижение.

«Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады»

Қасым-Жомарт Тоқаев білім-ғылым саласына салынған инвестиция Қазақстанның жарқын болашағына қарай жасалған қадам екенін, алдымызда экономиканы жаңғырту, жаңа өндіріс секторларын қалыптастыру, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізу және Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекет ретінде дамыту мақсаттары тұрғанын жеткізді.

– Қазақстан технологиясы озық ел болуға нық қадам басты. Бұл – біздің жаңа ұлттық болмысымыздың аса маңызды бөлігі деп айтсақ, қате болмайды. Бүгін спикерлер жасанды интеллектінің жаһандық ортақ прогресті өрге сүйрейтін жаңа қозғаушы күш ретіндегі рөліне баса мән берді. Шын мәнінде, осы бірегей технологияның арқасында адамзат алға қарай қарышты қадам жасай алады. 2030 жылға қарай ЖИ әлемдік ІЖӨ көлемін 15 триллион доллардан аса ұлғайтады деп болжанып отыр. Бірақ жасанды интеллектінің дамуынан ең көп пайданы қай ел көреді? Бұл – өте қызықты сауал. Оны терең зерделеп, сараптау қажет. Жауабы аса қиын көрінбегенімен, бұл мәселе адамзат келешегімен тікелей байланысты екенін мойындауымыз керек. Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту және басқа салалармен жан-жақты интеграциялау ең жоғары стратегиялық басымдық саналады. ЖИ сарапшылары мен мамандарын даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Осы мақсатта жыл басынан бері AI Sana бағдарламасын іске қостық. 540 мыңнан астам студент оқу курсынан өтті. Бұдан бөлек жасанды интеллект барлық мектеп пен университетке міндетті курс ретінде енгізілді. Елімізде Жасанды интеллект университетін ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында АҚШ-қа жасаған сапары кезінде OpenAI компаниясымен маңызды уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.

– Нәтижесінде Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Аталған бастамалар арқылы отандық білім беру саласында жасанды интеллект әлеуетіне сүйене отырып, кешенді цифрлық трансформация жасалып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Казахстан запустил пилотный проект по внедрению образовательных инструментов на основе ChatGPT», – отметил Президент. По словам Касым-Жомарта Токаева, инвестиции в сферу образования и науки – это шаг, направленный на обеспечение светлого будущего Казахстана. Наша страна ставит перед собой высокие цели: модернизировать экономику, сформировать новые производственные секторы, интегрировать технологии искусственного интеллекта во все отрасли и обеспечить развитие Казахстана как полноценного цифрового государства.

– Казахстан сделал уверенный шаг на пути к тому, чтобы стать технологически развитой страной. Не будет преувеличением сказать, что это исключительно важный элемент нашей новой национальной идентичности. Сегодняшние спикеры акцентировали внимание на роли искусственного интеллекта как нового фундаментального двигателя общего глобального прогресса. Действительно, благодаря этой уникальной технологии у человечества есть потенциал для того, чтобы совершить значительный шаг вперёд. Ожидается, что к 2030 году вклад ИИ в мировой ВВП превысит 15 триллионов долларов. Но какая именно страна извлечёт наибольшую выгоду из развития ИИ? Это чрезвычайно интересный вопрос, требующий всестороннего анализа. И хотя ответ на него, казалось бы, не так уж сложен, мы должны признать, что этот вопрос непосредственно определяет будущее человечества. В Казахстане развитие и всесторонняя интеграция технологий ИИ становятся наивысшим стратегическим приоритетом. Особое внимание уделяется подготовке экспертов и специалистов в области ИИ. С этой целью с начала этого года мы запустили программу AI-Sana, которую уже завершили более 540 тысяч студентов. Кроме того, курсы по искусственному интеллекту введены в качестве обязательной дисциплины во всех школах и университетах», – отметил Президент.

Глава государства также напомнил о договорённостях с компанией OpenAI, достигнутых во время его визита в США в сентябре. «В результате Казахстан запустил пилотный проект по внедрению образовательных инструментов на основе ChatGPT. Благодаря этим инициативам Казахстан осуществляет комплексную цифровую трансформацию образования, используя потенциал искусственного интеллекта».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды»

Президент Орталық Азия елдеріндегі және біздің аймақпен көршілес бірқатар мемлекеттегі демографиялық көрсеткіштің артуы жоғары білімді экспорттауға және шетел студенттерін елімізге тартуға елеулі мүмкіндік береді деп санайды.

– Қазақстан жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналуды көздеп отыр. Сондықтан алдымызға күрделі, алайда аса маңызды мақсат қойдық. Оған жету үшін әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды. Көптеген филиалда оқу ағылшын, орыс, қытай тілдерінде жүргізіледі. Бұл – аса маңызды. Өйткені білім беру саласындағы көптілділік адамдардың немесе университеттердің, тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізін қалайды. Келешекте де солай болмақ. Оған еш күмән жоқ. Сондықтан әлемдік академиялық кеңістікке шығуға саналы түрде маңызды қадам жасадық. Бұған қоса барлық филиалда қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады. Бұл шетелдік студенттердің мәдениетіміз бен менталитетімізді терең түсінуіне көмектеседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Касым-Жомарт Токаев отметил, что на сегодняшний момент налажено партнёрство с 40 ведущими университетами мира, открыто 33 филиала зарубежных вузов

Президент считает, что высокий демографический потенциал стран Центральной Азии и ряда сопредельных с нашим регионом государств открывает перед Казахстаном значительные возможности для экспорта высшего образования и привлечения иностранных студентов.

– Казахстан поставил перед собой сложную, но крайне важную задачу стать частью глобального рынка знаний. Для достижения данной цели налажено партнёрство с 40 ведущими университетами мира, открыто 33 филиала зарубежных вузов. Важно, что во многих филиалах обучение ведётся на английском, русском, китайском языках. Многоязычие в образовании всегда было и будет ключом к открытости и конкурентоспособности как отдельного человека или университета, так и целых государств. В этом нет никаких сомнений. Поэтому мы осознанно делаем этот важный шаг к интеграции в мировое академическое пространство. При этом во всех филиалах введены обязательные дисциплины по казахскому языку и истории Казахстана, которые полезны для глубокого понимания иностранными студентами нашей культуры и менталитета, – сказал Глава государства.

Мемлекет басшысы: «2029 жылға қарай елімізде білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр»

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алады. Бұл – қазіргі сәтте Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. 2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.

Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады.

– Шетел университеттерінің филиалын ашу инженерлік және IT білімді дамыту мақсатымызға толық сай келеді. Қазақстанда қолданбалы инженерияның бірегей институты саналатын үш Лу Бань шеберханасы ашылды. Бұл Қытай үкіметінің бастамасы екені баршаңызға мәлім. Пэн Дуань мырза баяндамасында қытай мамандарының елімізге ерекше назар аударып отырғанын әрі Қазақстандағы адам әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Біз үшін ядролық энергетика саласына маман даярлау да ерекше мәнге ие. МИФИ ректоры Владимир Игоревич Шевченко осы маңызды іске белсенді атсалысуға ниет білдірді. Сізбен бірге жұмыс істейміз. Міндетіміз – білім мен ғылымды экономиканың нақты секторымен тікелей байланыстыру. Бұл бағытта сәтті мысалдар бар. Ербол Маратұлы Исақаев баяндағандай, Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің серіктестігі нәтижесінде күкіртті инновациялық полимерге айналдыратын озық технология әзірленді. Бұл – өте қажет жоба. Себебі елімізде күкірттің қоры мол. Аталған жоба химия өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді, ең бастысы, экологиялық түйткілдердің шешілуіне түрткі болады, – деді Мемлекет басшысы.

Итак, Президент обозначил цель: «К 2029 году планируется увеличить количество иностранных студентов до 100 тысяч». По словам Главы государства, в настоящее время в вузах страны обучаются свыше 31 тысячи иностранных студентов. На данный момент это рекордный показатель для Казахстана. К 2029 году их число планируется увеличить до 100 тысяч. Для этого будет упрощён визовый режим и созданы максимально комфортные условия для обучения иностранных студентов в Казахстане. Также запланирован запуск программы трудоустройства, по которой лучшие выпускники смогут оставаться в Казахстане.

– Открытие филиалов зарубежных университетов полностью соотносится с нашей целью развивать инженерное и IT-образование. В Казахстане уже функционируют три мастерских Лу Баня, которые превратились в уникальные образовательные институты прикладной инженерии. Вы знаете, что это инициатива китайского Правительства. Г-н Пэн Дуань в своём выступлении отметил данный факт, что наглядно свидетельствует о большом внимании китайских специалистов к нашей стране и достаточно высоком человеческом потенциале Казахстана. Особое значение для нас имеет подготовка кадров для ядерной энергетики. О намерении принять самое активное участие в этом важном деле только что сказал ректор МИФИ Владимир Игоревич Шевченко. Будем работать вместе с вами. Наша задача – обеспечить прямую связь образования и науки с реальным сектором экономики. Успешные примеры в этом направлении имеются.

Как доложил сегодня ректор Ербол Маратович Исакаев, благодаря партнёрству Козыбаев Университета с Университетом Аризоны разработана передовая технология по превращению серы в инновационные полимеры. Это очень нужный проект для нашей страны, обладающей большими запасами серы. Данный проект придаст серьёзный импульс развитию нашей химической промышленности и, что особенно важно, будет способствовать решению ряда экологических проблем, – заявил Глава государства.

Активное участие бизнеса в развитии высшего образования и университетской науки в стране

– Так, одна из наших компаний профинансировала открытие филиала Российского химико-технологического университета имени Менделеева в Таразе. Ещё одна компания в партнёрстве с зарубежным вузом планирует запуск университета, специализирующегося на горном деле. Большие надежды мы связываем с деятельностью в Астане филиала МГИМО. Для этого известного вуза будет построено отдельное здание. В последние годы представители крупного бизнеса Казахстана оказывают всё большую поддержку университетам и науке. В нашей стране выстраивается система взаимодействия исследователей с промышленными предприятиями. Перспективным шагом в данном направлении может стать создание офисов трансфера технологий в ведущих университетах и научных центрах страны, – считает Касым-Жомарт Токаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымның ең басты миссиясы – адамзат игілігіне қызмет ету»

Президенттің айтуынша, Қазақстан өз университеттерін алдағы уақытта да жан-жақты дамытады.

– Мықты университеттер – келешектің фабрикасы. Бұл жерде идеялар туып, кедергілер еңсеріледі. Әділ әрі үйлесімді әлемнің алғышарттары қалыптасады. Жоғары оқу орындары халықтар арасындағы сенім мен ынтымақты күшейтіп, дипломатия құндылықтарын дәріптейді. Университет қабырғасында қалыптасатын студенттер бауырластығы, зерттеушілер қоғамдастығы және академиялық серіктестік тек ғылым-білім саласында емес, экономика мен қоғамдық өмірдегі, тіпті саясаттағы өзгерістерге қозғау салады. Ұлтымыздың біртуар перзенті, әйгілі академик Қаныш Сәтбаевтың: «Ғалым барлық өмірін халық үшін, адамзат үшін сарп етеді», – деген сөзі бар. Шын мәнінде, ғылымның ең басты миссиясы – адамзат игілігіне қызмет ету. Ғылым әлеміндегі жетістіктер барша елдің әлеуетін арттыра түсуі керек деп санаймын. Себебі ғылым-білім – бөліскен сайын молая түсетін әрі шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын қуатты құрал. Бұл саладағы ықпалдастық Қазақстандағы білім-ғылым жүйесінің өрісін кеңейтіп, академиялық дипломатияны өркендетуге зор ықпал етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент елімізде дарынды, қабілетті, ойы ұшқыр азаматтар өте көп екеніне тоқталып, халқымыздың жасампаздық рухына сенетінін жеткізді.

– Бәріміз бір ел болып қолға алған реформалар – жұртымыздың жарқын болашағына апаратын даңғыл жол. Сондықтан біз алдағы уақытта да білім мен ғылымға арқа сүйеп, Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстанды құру ісін жалғастыра береміз. Осы маңызды миссияны орындауға стратегиялық серіктестеріміз, білім және ғылым ордалары ерекше үлес қосып жатқанын атап өткім келеді. Себебі сіздер еліміздің басты байлығы – азаматтарымыздың ғылыми көкжиегін кеңейтуге, олардың әлеуетін арттыруға іс жүзінде атсалысып жатсыздар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Касым-Жомарт Токаев заявил: «Главная миссия науки – служить во благо человечества». Президент подчеркнул, что Казахстан будет и впредь всесторонне развивать свои университеты.

– Сильные университеты – это настоящие фабрики будущего, где рождаются идеи, преодолеваются барьеры, формируются контуры более справедливого и гармоничного мира. Университеты укрепляют доверие и сотрудничество между народами, продвигают дипломатию ценностей. Студенческие братства, исследовательские сообщества, академические партнёрства, зарождающиеся в стенах университетов, становятся двигателями перемен не только в научно-образовательной сфере, но и в экономике, общественной жизни и даже политике. Выдающемуся сыну казахского народа, известному академику Канышу Сатпаеву принадлежат слова: «Ғалым барлық өмірін халық үшін, адамзат үшін сарп етеді» («Настоящий учёный всю свою жизнь посвящает служению своему народу и всему человечеству»). Действительно, главная миссия науки – служить во благо человечества. Поэтому убеждён, что научные достижения призваны способствовать прогрессу всего мирового сообщества. Наука и знания – это мощные инструменты, которые становятся всё более продвинутыми по мере своего развития и открывают безграничные возможности. Уверен, что сотрудничество в этой области значительно расширит пространство образования и науки Казахстана, а также придаст импульс развитию академической дипломатии, – сказал Глава государства.

Президент отметил, что в стране очень много талантливых, способных, интеллектуальных граждан. Он подчеркнул, что верит в созидательную энергию народа. «Реформы, которые мы проводим общими усилиями, – это магистральный путь к светлому будущему Казахстана. Поэтому мы продолжим, опираясь на образование и науку, строить Справедливый, Чистый, Безопасный и Сильный Казахстан. Хочу отдельно отметить особый вклад наших стратегических партнёров, образовательных и научных учреждений в реализацию этой ответственной миссии. Вы активно способствуете расширению горизонтов науки и повышению потенциала главного богатства нашей страны – человеческого капитала, – подытожил Касым-Жомарт Токаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа тоқталды

– Елімізде 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың есепшотына салынады, яғни Қазақстандағы әр бала 18 жасқа дейін Ұлттық қордан қаржы алып тұрады. Аталған қаражатты мерзімінен бұрын қолдануға болмайды. Балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны баспана немесе білім алуға жұмсай алады. Сонымен қатар бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйеде ата-аналардың ерікті салымы, мемлекет тарапынан бөлінетін бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс жинақталады. Жобалардың негізгі мақсаты – бір, бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Бұдан бөлек жастарға пайызсыз білім несиелері және түрлі гранттар берілуде. Жоғары білім беру саласының инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр, жаңа оқу ғимараттары (кампустар) бой көтеруде. Аймақтарда жоғары оқу орындарының жанынан студенттерге арналған жатақханалар салынуда, – деді Президент.

Касым-Жомарт Токаев остановился на мерах государственной поддержки по обеспечению подрастающего поколения доступом к качественному образованию: «С 2024 года в стране реализуется программа «Национальный фонд – детям». В соответствии с ней 50% ежегодного инвестиционного дохода Нацфонда начисляется на счета детей. Таким образом, в Казахстане каждый ребёнок до 18 лет получает финансирование из Национального фонда. Указанные средства не могут быть использованы досрочно. По достижении совершеннолетия молодые граждане смогут направить накопленные средства на приобретение жилья или получение образования. Кроме того, запущена единая накопительная система «Келешек» для детей старше пяти лет. В данной системе аккумулируются добровольные родительские взносы, выделяемый государством первоначальный образовательный капитал, ежегодная государственная премия и инвестиционный доход. У всех проектов одна ключевая цель – обеспечение подрастающему поколению доступа к качественному образованию. Кроме того, молодёжи предоставляются беспроцентные образовательные займы и различные гранты. Проводится модернизация инфраструктуры высшего образования, возводятся новые учебные корпуса (кампусы). В регионах при высших учебных заведениях ведётся строительство студенческих общежитий».

Соб.инф и t.me/aqorda_resmi

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий