Әр балаға тең мүмкіндік беріледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ЮНИСЕФ-пен серіктестіктің нәтижесінде «Қазақстандағы әрбір бала үшін үздік бастама» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова, Дүниежүзілік банктің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Аустралия, Ирландия, Түркия, Әзербайжан, Молдова және Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшылар мен зерттеушілер қатысты.

Конференцияда 2025-2027 жылдарға арналған «Сәтті бастау» ведомствоаралық кешенді жоспары мен Ұлттық үндеу қабылданды. Бұл құжаттар барлық бала үшін ерте даму қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ата-аналарды цифрлық және қоғамдық сервистер арқылы қолдауды дамытуға, педагог-мамандардың біліктілігін арттыруға, салаға жаңа технологиялар мен модельдерді енгізуге бағытталған нақты шараларды қамтиды.

– Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, баланы ерте дамытудың сапалы жүйесін қалыптастыруға ерекше мән берілуде. «Сәтті бастау» құжатында Қазақстанның әр балаға туған сәтінен бастап тең мүмкіндік пен дамуға жол ашатын қоғам құру жөніндегі стратегиялық ұстаным айқын көрініс тапқан», – деді Жұлдыз Досбергенқызы.

Қазақстан ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде. 2021-2023 жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мемлекеттік стандарт пен үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылып, ерте даму қызметтерін жетілдіруге бағытталған жаңа модельдер енгізілді. Бүгінде елде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 98,5 пайызға жетті. Соңғы екі жылдан бері бір жүз жетпіс бір мың жаңа орын ашылды, алдағы екі жылда тағы шамамен 130 мың орын іске қосылады.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий