Балалар – назардың ортасында
Соңғы екі жыл ішінде Қор Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен серіктестікте «Азаматтық қоғамды дамыту, балалардың құқықтары және адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу» бағыты аясында гранттық жобаны жүзеге асырып келеді.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, балалардың құқықтары, мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындау және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік құқықтық жүйені жетілдіруге жәрдемдесу.
Жоба аясында халықаралық құқық қорғау ұйымдарының ұсынымдарын және азаматтық қоғамды, балалардың құқықтарын, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау тәжірибесін зерделеу үшін сарапшылар қауымдастығы құрылды.
Қордың сарапшылары қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны талдап, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының ұсынымдарын және Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау барысын зерттеді.
Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда азаматтармен, соның ішінде балалармен, жастармен және Астана халықаралық университетінің Жоғары құқық мектебінің студенттерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сонымен қатар бейінді министрліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасындағы өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілдердің қатысуымен бірқатар сараптамалық кездесулер өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды және ұсынымдар әзірленді.
Қор сарапшылары адам құқықтары мен балалар құқықтарына қатысты қолданыстағы заңнамалық актілерге 180-нен астам түзету енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі. Бұл туралы ақпаратты біз өзіміздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда үнемі жариялап отырамыз
Instagram: @bakytty_bala.
2025 жылғы 20 қарашада, яғни БҰҰ күнтізбесіне сәйкес – Бүкіләлемдік балалар күні, Қор серіктестерімен бірлесіп – «Ғылым және құқық» институтымен және Халықаралық даму және әділет орталығымен (CDJI, Испания) бірге «Балаларға мейірімді Қазақстан!» атты конференция өткізеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылады.
«Балаларға мейірімді Қазақстан!» конференциясы – республикада мемлекеттік органдар мен жетекші үкіметтік емес ұйымдардың, балалар мен жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады.
Конференция бағдарламасында келесі мәселелер қаралады:
мемлекеттік және құқық қорғау институттарының өзара іс-қимылы аясында балалар мен жастардың құқықтарын қорғау; мемлекетаралық және саларалық ынтымақтастықтың табысты тәжірибелерімен алмасу;балалар мен жастардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тиімді стратегиялар мен шараларды іске асыру;қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту;жас азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және олардың елдің қоғамдық өміріне қатысуын күшейту жөніндегі практикалық ұсынымдарды әзірлеу.
Конференцияның ең басты қатысушылары – балалардың өздері. Олар белсенді түрде сөз сөйлейді, пікір білдіреді. Олардың дауысы мен пікірі – біз үшін аса маңызды!
Мәкенова Аяш,
«Бақытты бала» Қоғамдық қорының құрылтайшысы және директоры

