IELTS емтиханынан 7.0 балл жинады

Зерде лицейінің 8-сынып оқушысы Марат Ислам халықаралық деңгейдегі IELTS (International English Language Testing System) емтиханынан 7.0 балл нәтижесін көрсетті. Бұл көрсеткіш – оқушының жоғары білімге деген ынтасы мен табандылығының айқын дәлелі. Марат Ислам жас болса да, өз алдына биік мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында тынымсыз еңбектеніп келеді.

– Үлкен еңбек пен табандылық әрдайым өз жемісін бермек. Жас болса да, биік мақсат қойып, оны дәлелдеген Марат Ислам – өз қатарластарына үлгі, – деді лицей әкімшілігі. IELTS 7.0 нәтижесі Мараттың ағылшын тілі дағдыларының жоғары деңгейін көрсетеді және халықаралық стандарттар бойынша еркін тілдік құзыреттілікті дәлелдейді. Зерде лицейінің ұжымы Марат Исламды осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта одан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

Шырақ-әл ШАБАНИ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий