Астана қалалық Технологиялық колледжі елордада алғаш болып CITY & GUILDS халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті
Астана қалалық Технологиялық колледжі елордада алғаш болып CITY & GUILDS халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті. Бұл — колледждегі техникалық және кәсіптік білім беру сапасының халықаралық стандарттарға сай екенін растайтын маңызды көрсеткіш.
Наубайшы мамандығы бойынша оқитын 20 студент пен 4 өндірістік оқыту шебері кәсіби емтихан тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификат иегері атанды. Енді олар әлемнің кез келген елінде өз саласы бойынша еңбек етуге толық құқылы.
CITY & GUILDS аккредиттеуі — бұл тек сертификат емес, маманның жаһандық еңбек нарығында мойындалуы. Ол кәсіби білім мен дағдының жоғары деңгейде екенін көрсетіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін едәуір арттырады.
Загрузка...



