Түркістан облысындағы өрттен тоғыз баланың қаза табуы бір отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ қасіреті

Қадірлі оқырман қауым. Түркістан облысының Алғабас ауылында өрт салдарынан он екі адамның, оның ішінде 9 бірдей баланың қаза тапқаны бәріміздің де жүрегімізді ауыртып отыр. Бұл тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ қасіреті.

“Білімді ел – Образованная страна” республикалық апталық газетінің редакциясы атынан қаза болғандардың туған-туыстарына орны толмас қайғыға ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Алла сабыр, берік күш-қуат берсін.

Біз үшін әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігі — басты құндылық. Қайғылы жағдайдың себептері толық анықталып, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін нақты шаралар қабылданады деп сенеміз. Имандары саламат болсын.

“Білімді ел – Образованная страна”
республикалық апталық газетінің редакциясы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий