Жасанды интеллект – білім беруді цифрлық трансформациялаудың драйвері

№59 Кәрім Мыңбаев атындағы мектеп-лицей базасында Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі маңызды іс-шара – «Жасанды интеллект білім беруді цифрлық трансформациялаудың драйвері: оқытуды жекелендіру, педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту және STEM/STEAM тәсілдері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бұл конференция Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту, заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және педагогтердің жаңа кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жолында жасалған маңызды қадам болды. Шара барысында білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізудің тиімді үлгілері талқыланды, оқытуды жекелендірудің заманауи тәсілдері таныстырылды, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға арналған инновациялық тәжірибелер ұсынылды.

Сонымен қатар STEM және STEAM бағыттарының білім берудегі рөлі кеңінен насихатталды. Іс-шараға республика бойынша жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сарапшылары, мектеп және колледж педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары, ІТ салалық мамандары мен EdTech компанияларының өкілдері қатысты.

Қонақтар Алматы, Ақмола, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келді. Конференция барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: панельдік пікірталастар; мастер-кластар; авторлық инновациялық жобалар көрмесі;секциялық ғылыми-тәжірибелік жұмыстар. 

Спикерлер оқытуды жекелендіруге арналған AI-платформалар, оқушылардың білімін болжау жүйелері, цифрлық педагогика, этикалық мәселелер, заңнамалық реттеу, STEM/STEAM тәсілдерінің мектеп тәжірибесіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша: жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне тиімді енгізу жөнінде ұсыныстар; педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға арналған әдістемелік ұсынымдар; STEM/STEAM форматындағы оқытуды кеңейту бағыттары әзірленді.

Бұл іс-шара білім беру саласын цифрлық трансформациялаудағы жаңа серпін беріп, педагогтер мен сарапшылардың кәсіби ынтымақтастығын нығайтты. Конференция Қазақстандағы білім берудің болашағына бағытталған маңызды мәдени-ғылыми алаң ретінде есте қалды.

Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий