Қорқыт ата университеті – Азияның үздіктері қатарында!
Азия құрлығындағы ең беделді рейтингтердің бірі – QS Asia University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті биыл жалпы азиялық университеттер арасында ТОП-593 көрсеткішіне қол жеткізді. Аталған рейтингке биыл жиырма бес елден 1538 университет кірді – бұл өткен жылмен салыстырғанда жаңа 597 жоғары оқу орнымен қосылып, рейтинг тарихындағы ең ауқымды кеңею болып табылды.
Рейтингке ең көп енген мемлекеттер қатарында: Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Пәкістан, Иран секілді елдер бар. Орталық Азия бойынша Қазақстан – ең көп рейтингке енген мемлекеттер қатарында. Айтулы нәтижеге жету жолындағы ұжымның табанды еңбегін жоғары бағалап, ұдайы қолдау білдіретін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаға алғысымыз шексіз. Стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы кәсібиліктің және ынтымақтастықтың айқын көрінісі іспетті тағы бір жаңалық ол – Қорқыт ата университеті ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен Арал теңізі табанының экожүйесін жақсарту жобасының жүзеге асырылуы.
Астана қаласында Болат Өтемұратов қоры, Берклидегі Калифорния университеті, Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында төртжақты меморандумға қол қойылды. Эко жоба аясында пилоттық сынақ ретінде бір гектар аумаққа тұқым отырғызу келесі жылдың наурыз-сәуір айларында басталады. Ғылыми дәлелденген жерсіну көрсеткіштері жиырма пайыздан жоғары болған жағдайда, пилоттық жобаның екінші кезеңі шеңберінде 2027 жылы Арал теңізінің елу гектар құрғаған табанына тұқым себіледі.
Құны 600 мың АҚШ долларды құрайтын эксперименттік жобада Арал аймағының жетекші жоғары оқу орнының ғалымдары «Өсімдіктерді отырғызудың инновациялық әдісін қолдана отырып, Арал теңізі түбінің экожүйесін жақсарту» бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Бейбіткүл Каримованың айтуынша, бұл жоба әлем үшін, оның ішінде зардабын мейлінше қатты сезініп отырған Сыр елі үшін үлкен үміттің бастауы болмақ. Сонымен қатар білім ордасының басшысы «биолог, эколог, агроном, химик пен топырақтанушы, IT және су шаруашылығы мамандарынан құралған зерттеу тобына «Тестілік кезеңін дайындау», «Қазақстанда 3000 e-seed контейнерлерін өндіру», «1га тәжірибелік учаскеде тестілеу», «Мониторинг және бақылау» жұмыстары жүктелгенін атап өтті.
Жалпы тоқсан жылға жуық тарихы бар Қорқыт ата университетінде орта Азияның көгілдір алқасы саналатын Арал теңізінің экологиялық зардаптарын жою бағытында ғылыми және қолданбалы зерттеулер бұған дейін де іске асырып келеді. Университет ғалымдары Арал өңірінің экожүйесін зерттеуге, сондай-ақ су ресурстарын сақтау, дәнді дақылдарды экологиялық сынау, су тапшылығы жағдайында сарқынды суларды тазарту технологиясымен үнемі айналысып келе жатыр. Білім ордасында былтыр алғаш рет Арал өңірінің экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды.
Бүгінгі таңда университеттің отыз сегіз отандық және халықаралық ғылыми жобаларының ішінен ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің гранттық каржыландыруы аясында бес жоба жүзеге асырылып отыр. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында университет ғалымдары Германия, Қытай, Ресей ғалымдарымен бірге Арал теңізінің экологиясы мен қоршаған ортасы бойынша Халықаралық кешенді ғылыми экспедицияға қатысты. Мақсаты – Арал өңірінің экологиялық жағдайына кешенді бағалау жүргізу, биоалуантүрлілікті сақтау және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу. Қазіргі таңда ғалымдарымыз Познаньдағы Адам Мицкевич университетінің гранттық жобасының стратегиялық серіктесі болып табылады.
Зерттеушілер құрамында Адам Мицкевич университетінің, Познаньдағы Денсаулық ғылымдары университетінің және Анн Арбордағы (АҚШ) Мичиган университетінің ғалымдары бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Оқу орны өңірдің экономикасын, мәдениетін, ғылым мен білімін қалыптастыруға және дамытуға үлес қосып, сапалы маман даярлауда. Жоғары білім, халықаралық тану, белсенді зерттеу және дамыту, инновация, мықты факультеттер және дарынды түлектер – университеттің жетістігі. Сондай-ақ адамның тұлға болып қалыптасуына, жан-жақты қабілетін ашуға, жоғары көрсеткіш көрсетуге ықпал ететін, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыста тәжірибесі мол оқу орны.
Даму стратегиясына сәйкес оқу процесін жаңғырту, білім мазмұнын әлемнің жетекші университеттерімен сәйкестендіру бойынша оқу бағдарламаларын әртараптандыру жұмыстары жүйелі атқарылып келеді. Талантты, дарынды студенттердің басын біріктірген білім ордасын таңдайтын жастар қатары да жылдан жылға артып келеді. Еліміздің өзге өңірлерінен бөлек сырт елдерден келетін студент көп. Бәсекеге қабілетті, сапалы кадр даярлауда оқытушылар құрамы өздерінің біліктілігін дәлелдеді. Университет еліміздегі білім мен ғылым саласының өркендеуіне, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және сапалы адами капитал қалыптастыруға бағытталған даму бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Университет танымалдылығын арттыру және әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жыл сайын жаһандық рейтингке қатысады. Алғаш рет QS WUR рейтингінде көрінсе, биыл «4 жұлдыз» сапа белгісін иеленіп, оқыту, тиімді басқару, академиялық даму, инфрақұрылым, еңбек нарығына бейімделу, халықаралық серіктестік, қоршаған ортаға әсер, инклюзивтілік сынды бағыттарда жоғары көрсеткіш көрсетті. Сондай-ақ QS World University Rankings: Sustainability биылғы рейтингінде алғаш рет ТОР 1401-1450 қатарында болды. UI GreenMetric рейтингінде университеттің позициясы – 1160, былтыр Times Higher Education Global University Impact Rankings-2025 рейтингінде тұрақты даму мақсаттарына әсері бойынша 1501+ позицияны иеленіп, биыл да бұл позицияны сақтап қалды.
Ұлттық рейтинг бойынша университет НААР өткізген ең сұранысқа ие жоғары оқу орындары арасында жетінші орынды иеленіп, еліміздегі ТОР-10 қатарына енсе, жиырма тоғыз білім беру бағдарламасы Қазақстанда үздік үштікке ілікті. Ал алты білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰКП өткізген бағдарламалар рейтингі бойынша ТОР-10 қатарына кірді. Білім ордасында жағымды жаңалық көп. Соның бірі – қандастардың білім алуына жағдай жасалуы. Мәселен, былтыр жиырма бір қандас тегін оқуға қабылданды. Биыл 20 бакалавриат пен төрт магистратура бағдарламасы бойынша арнайы білім грантын табыстау жөнінде шешім қабылданды.
Бұл – құптарлық әрі қуанарлық іс. Оқу орны отандық, шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз байланыста. Бүгінгі таңда университетте оқу 155 білім беру және он екі бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Қосдипломдық білім беру аясында оқу төрт бағдарламамен жүргізіледі. Олар СеулТехпен «AI architect», «Data management», МАИ (Ресей) – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (бакалавриат) және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен педагогика және психология мамандығы бойынша. Сондай-ақ университетте он жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді.
Биыл оқу-тәрбие процесіне он бір мың алты жүз жетпіс үш студент қатысуда. Олардың ішінде бакалавриатта 10360, магистратурада 588 және докторантурада (PhD) тоқсан үш студент оқиды. Студенттер контингенті 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 2,2 есе өскен, ал мемлекеттік грант негізінде оқитындар саны 4,8 есе артқан. Осы оқу жылында университетке 4252 адам қабылданды, оның бір мың төрт жүз бесі грант иегері, 686 шетелдік студент келді. Былтыр бір жүз елу бір, биыл 169 басқа қаладан келген студент осы оқу орнын таңдаған. Бүгінде университетте Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Түрікменстан елдерінен келген 729 шетелдік білім алуда.
Студенттердің сыртқы академиялық мобильділігі дамуда. Соңғы екі оқу жылында екі жүз екі студент шетелдік университеттерде білім алды. Атап айтар болсақ, Польша, Бельгия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Қырғызстан және Әзербайжан. Сондай-ақ былтыр университет Түрік университеттері одағының ORKHUN бағдарламасына енді. Ғылыми зерттеу бағыты бойынша да атқарылған жұмыс ауқымды. Университет оқытушылардың гранттық қаржыландыру жобаларына, ЖАО және компаниялар тапсырысы бойынша, сондай-ақ халықаралық жобаларға барынша қатысуын қамтамасыз етеді. 2021 жылмен салыстырғанда, орындалған жобалардың саны үш есе өсті.
Биыл отыз екі ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде ғылым бойынша кіріс көлемі 7,7 есе өсті. 2021 жылдан бастап жас ғалымдарды қолдау шеңберінде университетте жыл сайын ішкі гранттар бөлінеді. Ғылыми-зерттеу қызметін әрі қарай дамыту, жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру мақсатында 2021 жылы университетте профессор-зерттеуші лауазымы енгізіліп, бес маман жұмыс істейді. Қазір бес халықаралық ғылыми және білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Университет жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік географиясын кеңейтуде және оқу процесіне жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланымдары бар шетелдік ғалымдарды белсенді тартуда.
2024-2025 оқу жылында сабақтарды жиырма алты шетелдік ғалым жүргізді. Бүгінде университетте Оңтүстік Корея, АҚШ және Түркия Республикасынан келген төрт оқытушы-волонтёр жұмыс істейді. Университетте 22 жастар ұйымы және он бір спорт секциясы бар. Студенттер 8 жобаны жүзеге асыруда, оларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Басқа қалалардан келгендер жатақханамен толық қамтамасыз етілген. Жыл сайын республикалық пәндік олимпиадалар мен ЖҚЖБ жеңімпаздарының саны артуда. Биыл республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы – сексен, ЖҚЖБ жеңімпазы – 32, ҚР Президент стипендиясын алғандар жиырма алты адамға жетті.
2022-2023 оқу жылынан бастап студенттерге COURSERA халықаралық білім платформасынан жетекші ғалымдардан білім алу мүмкіндігі берілді. Кейінгі 3 жылда үш мың студент оқып, 4773 сертификат алды. Бұл да жоғары көрсеткіш. Одан бөлек спортта бағы жанған студенттер Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда университетте он Әлем чемпионы мен жүлдегері, 23 Азия чемпионы мен жүлдегері, бір жүз отыз Қазақстан чемпионы мен жүлдегері білім алады. Осы ретте университет ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы бұл жеңістер ел мерейін үстем етумен қатар жоғарғы оқу ордасының беделін асқақтата түсетінін айтады.
Студенттердің инновациялық идеялары мен стартап-жобаларын жүзеге асыруға толыққанды мүмкіндік беретін Бизнес-инкубациялық орталық (ВІС) табысты жұмыс істеуде. Бұл орталық жастардың кәсіпкерлік ойлауын дамытып, заманауи цифрлық дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді. Орталықтың жетістіктері айтарлықтай. Кейінгі төрт жылда стартап-жобалар саны тұрақты өсім көрсетіп, жиырма төрттен 44 жобаға дейін жетті. Резиденттердің жобаларына инвестиция тартылғанын мақтанышпен айтамыз. Бүгінде орталық қызметі 13300-ден астам жасты қамтып, алпыс жеті резидент инкубациядан өтуде, ал орталық түлектерінің саны 145-ке жетті.
Студенттерге қолайлы жағдай жасау негізінде жаңа коворкинг ашылды. Ол отыз бес қуатты компьютермен, бейне-конференция жүйесімен және интернетпен жабдықталған. Білім беру бағытында «Al-Sana» бағдарламасы аясында барлық бакалавриат, магистратура білім алушылары жасанды интеллект негіздерін оқыды. Сонымен қатар Python, Data Science және Project Management сияқты сұранысқа ие курстар өткізіліп келеді. Кадрлық әлеуетке келер болсақ, университетте 504 оқытушы, оның ішінде он алты ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, елу үш (PhD) доктор бар. Оқытушылардың қырық тоғыз пайызы – ғылыми дәреже иесі. Оқу процесіне тәжірибелі мамандар белсенді тартылып келеді.
Кейінгі үш жылда «500 ғалым» жобасының жеңімпазы 25 оқытушы болса, былтыр алты оқытушы шетелдік университеттерде тағылымдамадан өтті. Былтыр 437 адам біліктілікті арттыру курсынан өтсе, биыл алғаш рет оқытушыларға COURSERA халықаралық білім платформасында оқу мүмкіндігі берілді. Қазіргі таңда бір жүз елу оқытушы 939 пән бойынша білім алып, оны сабақта белсенді қолдануда. Сыр ғалымдары еліміздің ғылым және жоғары білім жүйесін дамытуға үлес қосып келеді. Олардың арасында мемлекеттік марапат иегерлері де бар. Мәселен, «Парасат» орденін Б.Кәрбозов, Қ.Бисенов, С.Қошкаров, Ұ.Жаңбершиева алса, «Құрмет» орденін И.Таутенов, «Ерен еңбегі үшін» медалін К.Омаров, Б.Кәрімова, Л.Тохетова, А.Сейтмұратов, Н.Құлмырзаев және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін М.Бөрібаева иеленді.
Университеттің кірістері мемлекеттік білім беру гранты, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттар бойынша қаражат, ғылыми-зерттеу жұмысы, негізгі емес қызметтен түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптасады. Қаржыландырудың 94%-дан астамы – білім беру және ғылыми қызметтен түсетін кірістер. Жыл сайын табыс өсімі байқалады. Кейінгі бес жылда университеттің табысы білім алушылар контингентінің ұлғаюы және ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың артуы есебінен 3,4 есе өсті. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуда көптеген жұмыс атқарылуда. Кейінгі бес жылда 56 жаңа кабинет пен зертхана сатып алынды.
«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен биология, химия және физика кабинеттері ашылды. Университет оқытушыларына онлайн курстар дайындау үшін 2 робот кабинеті сатып алынды. Демеушілер есебінен жиырма екі аудитория жөнделіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 4 кабинет жаңартылды. Сондай-ақ №2 жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Жалпы алғанда соңғы бес жылдан бері 185 аудитория жөнделді. Мысалы, өткен жылы №5 оқу корпусында жөндеу жұмысына және ботаникалық бақты модернизациялауға тиісті қаржы қаралды.
Былтыр коворкинг орталығы іске қосылып, елу орындық асхана салынып, жабдықталды. Енді №1 оқу корпусындағы жаңартылған кітапхананы ашу жоспарланып, оған да тиісті қаржысы бөлінді. Сондай-ақ инжинирингтік парк құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалып отыр. Университет басшысы ел Президентінің тапсырмасы бойынша ЖИ және IT саласын дамыту бағытына айырықша назар аударылғанын айтады. Арал өңірінің экологиясын жақсарту мен аграрлық технологияларды дамыту, су ресурстары мен суды үнемдеу технологияларын енгізу бағытында бірлесіп кадр даярлау, өңірге келіп жатқан инвесторлармен бірлесіп жұмыс жасау, микроквалификациялар, қызметкерлерді сертификаттау, біліктілікті арттыру бойынша Roca Групп испаниялық компаниямен бірлесіп жұмыс атқарылуда.
Сондай-ақ өңірде катарлық инвесторлар салатын бу-газ станциясына электроэнергетика, автоматтандыру, техникалық бағытта, құрылыс саласының мамандарын даярлау, құрылыс материалдары мен конструкцияларын өңдеу бойынша бірлескен жұмыс қолға алынды. Мұнай-газ саласындағы өңірлік компаниялармен бірлескен жұмыс химиялық технологияларды дамыту, өңірдегі мәдени ескерткіштерді сақтау мен археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыру, аймақтағы компанияларға азық-түлік өнімдерінің технологиясы және тағам химиясы бағытында кадр даярлау оң жолға қойылды.
Бұл жетістіктер академиялық қоғамдастық пен жұмыс берушілер тарапынан жоғары сенім деңгейін, сондай-ақ университет ұжымының білімнен интернационалдандыруға дейінгі барлық бағыттар бойынша жұмысының тиімділігін растайды. Қорқыт ата университетінің ұжымы Қазақстанның ғылым, технология және экономика саласын одан әрі дамыту жолында аянбай еңбек ете бермек.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
Медиа орталығы




















